Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үржарда медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:42 - 2020/07/16

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/242682-urdgarda-meditsina-qyzmetkerlerine-gumanitarlyq-komek-korsetildi


Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы бұрынғы туберкулез диспансері ғимаратында провизорлық-стационарлық орындар ашу бойынша тиісті талапқа сай жөндеу жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты Үржар аудандық №2 пробация қызметінің қызметкерлері және еріктілер мен "Қаби" және "Шөрек" шаруа қожалықтардың басшыларымен бірлесіп Үржар аудандық №2 ауданаралық ауруханасына науқастарға ыдыс-аяқ құралдар мен жаңа матрастар табысталды.

– Біз кез келген көмекке алғысымызды білдіреміз. Себебі, дәл қазіргі уақытта қолдау қажет. Әлі де қорғаныс кұралдары, респираторлар жетіспейді. Кейбір дәрі-дәрмек түрлерінің тапшылығы да байқалады. Қиын-қыстау сәтте медицина қызметкерлері қолдаусыз қалмайды. Жақында Айгүл Мерғалиқызымен Үржар аудандық №2 пробация қызметінің өкілдері жолығып, көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдіріпті. Бүгін сол гуманитарлық жәрдемдерін әкеліп отыр, – деді Үржар аудандық №2 ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Айгуль Мерғалиқызы.

Ал Үржар аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің аға иснпекторы Дидар Баженов: "Қазір медицина қызметкерлері күн-түн демей көзге көрінбейтін індетпен күресіп жатыр. Олар алдыңғы шепте жүр. Мамандар әр науқасты емдеп шығару үшін барларын салуда. Осыған байланысты біздің пробация қызметінің еріктілерімен ақылдасып,осындай қиын сәтте бүгінгі күннің батырларына көмек көрсетуді жөн деп таптық. Игі шараны жалғастырамыз. Алдағы уақытта да мамандарға қолдау көрсетеміз", дейді ол.

Бұл правизорлық стационар шілденің 14-і күні ашылды. Емдеу мекемесі 50 орынға шақталған. Қазір мұнда тоғыз науқас ем қабылдауда. Әр бөлмеге 2 екі адамнан жатқызылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1221762
Пікірлер

Көрші сілтемелер