Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмолада жолға жеткілікті мән берілуде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:24 - 2020/06/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/237591-aqmolada-dgolgha-dgetkilikti-man-berilude


Жоба «Нұрлы Жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында жүзеге асырылмақшы. Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 7 мың шақырымнан асады. Биыл «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  мемлекеттік бағдарламалары аясында 700 шақырым жол жөнделмекші. Бұдан бөлек, 100-ден астам су өткізу құбырының құрылысы басталады. Сондай-ақ, жол бойына 500-ден астам белгі мен 400 дыбыстық бағана орнату жоспарланып отыр.    

– Биыл жол сапасы көрсеткішін 78 процентке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025-ші жылы бұл көрсеткіш 95 процент болуы тиіс. Жоба  «Нұрлы жол» бағдарламасының бірнеше тармағы бойынша жүзеге асырылмақшы. Моноқалалар мен өңірлерді дамтуға арналған кешенді жоспар құрылған,–дейді облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бөлім жетекшісі Әділет Әнуарбеков.  

Биыл «Балкашино-Шаңтөбе», «Ақсу-Бестөбе-Изобильное», «Еленовка-Чистополье-Есиль» бағытындағы жолдар жөнделеді. Сонымен қатар бұл жұмыс «Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая», «Петровка-Острогорка-Мариновка», «Атбасар-Қима», «Жаңа Колутон-Ақкөл-Минское» ауылдарының аралығында да жүргізілмекші. Автобус павильондарын сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазарту, көшелерге қиыршық тас төсеу мәселесіне де ерекше назар аударылмақшы. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1191761
Пікірлер

Көрші сілтемелер