Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үңгір (үштаған)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 07:36 - 2020/06/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/237573-unhgir-ushtaghan


Адам баласының, тіпті өзің­нің бойыңдағы сан ал­уан сезімдер, ойлар, солардың жетілуі, кемелденуі, ізгіленуі, әрбір ситуацияда әртүрлі реңк­те, әртүрлі бейнеде кө­рінуі, жаңа қырынан танылуы, жаңа қауызының ашылуы – осының бәрі өзіңді, қоғамды, әлемді сәт сайын қайта танып, басқаша бағамдап отыруға алып келеді.

Осы сезінулер мен ой кешулер болмаса, біз көлеңкелер секілді тіршілік кешер едік. Біз дүниедегі бар құндылықтар мен идеялардың, жаратылыс пен болмыстың, өркениет пен мәдениеттің, ғылым мен білімнің, тіршілік ие­лері мен заттардың көлеңкесін ғана көрер едік. Кө­лең­келері ар­қылы бағалар едік. Пла­тон үң­гі­рінің адамдары секілді. Ба­сы­мыз бұ­рыл­мастай етіл­­ген, аяқ-қо­лы­мыз бұ­ғау­ланған, тұсалған, жа­рық жел­кемізден түс­кен. Ал сол үңгі­ріміздің қабырғасында тек­ кө­леңкелер билеп жүрер еді.

Бірақ бір сәтке басқаша қарап көрейікші, біздің се­зім­деріміз бен ойларымыз өзге адамдардың сезімі мен ойының көлеңкесі ғана емес пе? Тіпті біздің өміріміздің өзі өзгелердің өмірінің көлеңкесі емес пе? Біз өзгелердің көз­қарасымен, пікірімен өмір сүре бастағанда, өзгелердің ойы бізге таңылғанда, өзге­лердің идолы мен эталоны біздікіне айналғанда, өмір сүру салты мен дәстүрі өзіміздікінен зор көрінгенде, өзгелердің өркениеті үлгі болғанда, ойлау жүйесі қалыпты шаблонға айналғанда, біз өзімізді олар­дың көлеңкесі емеспіз әрі идея­ның көлеңкесін емес, өзін та­нимыз деп айта аламыз ба, жеке адам ретінде, тұтас ұлт ретінде? Өндіруші, тудырушы емес, тұтынушы ғана болғанда, қалай көлеңке емеспіз деп айтуға болады? Ойдың өзін емес, көлеңкесін ғана көрсек, ол ойдың бізге берері бар ма? Ал оның өзін көрсеткісі келгендер табылса, мойындауға ерік бар ма?

Платон үңгірінен шығатын жол қайсы? Жалпы, біз бұл үңгірге қалай тап келдік?

 

Мәуләна үңгірі

1

Біздің далада піл жоқ. Бірақ піл деген ұғым бар. Де­мек, бізде пілдің көлеңкесі бар. Оны сырттан алып келіп, цирк­те я зообақта бізге көрсетеді. Алай­да ол бізге сіңбейді, тір­шілік кешпейді, біз оның мекені емеспіз. Ол бар болғаны таңсық дүние, экзотика. Дү­кендерімізде тұрған ананас секілді. Идеялар да солай ғой. Сырттан алып ке­ліп, сүйкімді етпек боламыз: «қараңыз, қандай таң-та­маша нәрсе!». Қазақтың өз топырағынан, өз табиғатынан, болмысынан өніп, өсіп шық­паған дүние әрқашан жат көрінер. Біз тек оның көлеңкесін ғана танырмыз. Қазақ даласынан археологтар зілдің яғни мамонттың сүйегін қазып алып жатады. Осыны көргенде ғана барып, зілдің де, пілдің де бізге сонша жат әрі бөтен еместігін ойлай бас­таймыз. Піл туралы ой басқаша қырынан ашыла бастайды, енді ол көлеңкесімен емес, өз анық болмысымен ойға бекиді.

Бұл піл – Руми пілі. Жаңа әрі көне ой. Жат әрі жақын түсінік. Мәуләна пілі Мәуләна үңгірінде тұр. Мәуләна үңгіріне кірген әрбір адамдарға ұқсап біз де қараңғыда пілді ұстап көріп, таңданамыз. Бірақ оның піл екенін білмейміз. Румидің кейіпкерлері секілді әртүрлі жорамал мен болжамдар айтамыз. Қазіргі жаңа әдебиеттегі постмодерн теориясына қа­тысты полемика секілді. Пост­модерн – біздің піліміз. Біз­дің пілдеріміз өте көп.

 

Шәкәрім үңгірі

1

Платон үңгірі – үңгірде өмір сү­ріп, оның сыртын білмес адамдар мекені болса, Мәу­ләна үң­гірі – сырт­та­ғы адам­дар­дың үңгірге кіріп, адасуы, ал Шәкә­рім үңгі­рі мүлде басқа түсінік.

Шәкәрім Пла­тон­ның да, Мәуләнаның да көзқарастарын білді. Платон туралы өзі де айтты. Со­ларды біле отыра, үңгірдің басқаша мәні болатынын ұқты.

«Айсұлу мен Нартайлақ» поэ­масында «Айсұлудың ақ­та­сы» деп аталатын үңгір бар. Бұл үң­гірдің мәні неде?

Айсұлу мен Нартайлақ – ескі түсінікпен өмір сүретін, құндылықтарды мойындауға құлықсыз, өз ойлары мен ше­шімдеріне шырмалған, кісі құқын қадірлі деп таппас ор­таның құрбандары. Осы орта – Платон үңгірі, олардың көз­қа­растары – Мәу­лә­на үңгірі. Бұл үң­гір­лерден тыс­қа­ры, еркін­д­ік­ аралы секілді, мәң­гілік махаббат пен арман­дар­дың меке­ніне ай­нал­ған, қос ға­шық­­­­­­тың әрқашан ұм­­тылып тұ­ратын, сол тұста кездесетін, ойда да, өмірде де жандарына тыныштық сыйлайтын Шәкәрім үңгірі тұр. Ақын гуманизмінің сим­волдық бел­гісі. Ақын қоға­мының құр­банына айнал­ғалы тұрған қос ғашық­ты осы үңгірге алып келеді. Осы үңгір­де олар ерікті, бостан, арман­шыл.

Айсұлу Платон үңгірінің құрбаны болды, бұғаулы ортада өз мойнына бұғалық салды. Мерт болды. Оның махаббаты мен армандары қалған үңгір – «Айсұлудың ақтасы» аталды. Бұл – Шәкәрім үңгірі.  

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1191707
Пікірлер

Көрші сілтемелер