Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


iKOMEK109 екінші рет халықаралық байқауда жүлделі болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 15:39 - 2020/05/29

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/237199-ikomek-ekinshi-ret-khalyqaralyq-bayqauda-dguldeli-boldy


Елордалық орталық Сбербанк, Банк ВТБ, Вымпел-Коммуникациялар және т.б. сияқты байланыс орталықтары индустриясының алыптарымен бәсекеге түсті. Ikomek ТМД елдерінің бизнес ұйымдары байланыс орталықтарының беделді байқауында екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасын танытып келе жатқанын атап өту қажет,деп хабарлады жедел әрекет ету орталығының PR-қызметі. «Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар екінші жыл қатарынан бізді ТМД ішіндегі үздіктердің үздігі деп мойындап отыр. Өткен жылы біз байланыс орталықтары индустриясындағы «Оскарды» «Байланыс орталығын құру/біріктірудің үздік жобасы» аталымында иеленген болатынбыз. iKOMEK командасы үшін қызметкерлеріміз салып жатқан күш-жігердің халықаралық дәрежеде мойындалуы және елорда игілігі үшін бұдан да жақсы жұмыс жасауға деген зор ұмтылыс», - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

iKOMEK қалалық мониторинг орталығында «Қаланы басқару панелі» секілді өзіндік әзірлеме енгізілген, ол статистикадан бастап, тереңінен талдау және «Жүйелі түйткілдер рейтингісін» құруға дейінгі деректерді автоматты түрде жасақтайды. Басқару панелінің мәліметтері негізінде қала және елордалық ұйымдардың басшылығы тұрғындарға барынша жайлы өмірді қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдер қабылдайды. Еске сала кетейік, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан беріп жұмыс істеп келеді. Сол уақыттан бері қала тұрғындарынан 3,6 млн   астам өтініш қабылданды.

Күн сайын 7 мыңнан 29 мыңға дейін өтініш түседі. Сондай-ақ өтініш берудің балама тәсілдері қарастырылған:

- Әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;

- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);                                                                                  - Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore); - aitu.city порталы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1189566
Пікірлер

Көрші сілтемелер