Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:27 - 2020/05/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/236251-aqmola-oblysynda-koronavirus-dguqtyrghandar-sany-145-ke-dgetti


Ақмола облысының Целиноград ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған 1990 жылғы ер адам.

Қонақ шақырғанның салдарынан 2012 жылғы қонақ болып келген бала коронавирусты жұқтырған. Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы пәтер иесінің қызынан да COVID-19 вирусы табылды.

Қазіргі уақытта үшеуі де жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мамандары вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықталған ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста вирусты жұқтырған 145 адам анықталған, олардың 127-сі Целиноград ауданында, қалған науқастар Көкшетау қаласында және Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Шортанды аудандарында анықталған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1184895
Пікірлер

Көрші сілтемелер