Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Джастин Трюдо: Оттава тобы құрылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 21:54 - 2020/02/14


Канада үкімет басшысының айтуынша, ескі шешімдер жаңа проблемаларды шешуге жарамсыз. «Жаһандық сұрақтарды шешу үшін жеке секторларды, азаматтық қоғамды, тіпті ескі серіктестерімізді де біріктіруіміз керек. Бұл жолда жалғыздың үні шықпайтыны анық. Яғни, проблеманы шешу үшін қолайлы жағдай мен тың идеяларды күтіп отыратын уақыт жоқ. Канада бұл жолдағы жұмысын жалғастыра бермек», деді.
Сонымен бірге бүгінде өрши түскен сауда соғысын тоқтату мақсатында Оттава тобы құрылатынын мәлімдеді. «Канада осындай бастамаға бел буып отыр. Бұл топтың негізгі мақсаты сауда қатынастарын жүйелендіру. Бұл сауда соғыстарын шешудің тиімді механизмдерін табуға жол ашады деген ойдамыз», деді Д.Трюдо.
Сонымен бірге әлемдік мәселелерді шешуде сөз бостандығының маңызы туралы атап өтті. «Бүгінде журналистер қамауға алынады. Бұл сөз бостандығының қандай деңгейде екенін көрсетіп отыр. Осы орайда Ұлыбританиямен бірлесіп жағдайды ретке келтіретін жаңа бастамаға бел буып отырмыз», деді премьер-министр.
Сонымен қатар климаттың өзгеруі де шешуші мәселелрдің бірі екенін еске салды. Климаттың өзгеруі адамзат тіршілігіне, эономикаға әсер ететінін де тілге тиек етті. Джастин Трюдо Париж келісіміне қол қойғанда берген сөзіне берік екенін айтып, сөзін түйіндеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1114078
Пікірлер

Көрші сілтемелер