Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-229717134 %66 %

中国哈萨克语广播网



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жұңго қазақ радиосы

Жолданған уақыты: 19:30 - 2019/11/09



әуелгі келу қайнары: http://www.kazakcnr.com/zdgz2019/201911/t20191108_1371052.html

диктөр: ардақ әбиден қызы

авторы:мақсат қизат ұлы

бұл күнде қарбаластық барлық адамның мойынын артқа бұрғызбай, алға қарай дедектетіп алып ұшып барады. қалжыраған қара бастың қауашағында мың батпан ойлар туындап, «қысым» деитін қара құрт жүйкенің жылы өзегін жылбыртпалап жеміріп барады.


ашты терін шелектеп төксе де, ойындағысына жете қоймаған жүрек құрғыр кеиде тайша тулап, тынып жатқан көңілге тыныштық бермеи тыпырлайды.


-апа-оу,-деді әйшөрік.


қайың төсекте көрпені қалың салып қамсыз ұйықтап жатқан қаря қыстығып шыққан дауыстан селт ете ٴтұсты.

-оу, не болды құлыным,-деді әжесі.


-ұйықтай алмаймын, ертеңгі күніме алаңмын апа,-деді әйшөрік терезеден үйге үңілген аппақ айдың бетіне қадала қарап.


-ұйықтасаңшы, жазған-ау, мына шақта көз ілмесең, жаның қайтып шыдап ٴжұр,-деді әжесі ұйқылы-ояу ٴсоз сабақтап.


-апа, ٴбыр нәрсе сұрайыншы,-деді жиырма бестен асқан қыз бар ٴұмытын төсектегі туғанына артып.


-сұрай ғой, ақша керек пе,-деді әжесі.


әйшөрікте ақша бар еді.


ол әжесінен басқа нәрсе сұрағысы келді.


-бақытқа бара жол қайда апа,-деді қыз мұңлы пішінмен.

сүттеи аппақ айдың келбеті жас қыздың бетінен ٴобып, келесі үйге қарай сырғып барады. апасының көзі ٴылынып барады екен.


-сендерге ٴбары уайым болды-ау жарығым, баяғы сол қізмет, үйленуді ойлап басың қатады, тым талғампазсың, көңіл ٴбыр жақта, ٴозың ٴбыр жақтасың. бақытқа барар жол сол жақ кеудеңнің тұсында жатыр, соған тыныштық берсеңші.


әйшөрік сол жақ кеудесіне нәзік қолын қойды. жүрегі тарсылдап соғып жатыр екен.


-әже, соңғы сұрағым...

-қой енді, албаты ұйқысырамай ұйықта,-деді қаря қабағын ٴтұйып.


қыз орнынан тұрды да, әжесінің жанына келді.


-апа, қасыңа жатсам болама,-деді қыз ٴотынып.


әжесі ары сырылды, көрпесі жып-жылы екен.


әйшөрік қолын апасының сол жақ кеудесіне қойды. апасының жүрегі асықпай соғып тұр екен. ол апасынан бақытты болуды үйренгісі келді.


кеиде бақыт тым қарапайым, іздеп жүргеніңнің айда емес, ауылда жатқанын байқайсың, бақытқа бағалай білгендер ғана жетеді.

бұл өмірде өзіне разы емес пенде көп, тым алысты көксеп алғасын ба, жоқ, әлде, өзіне қәжетті қордың қаншалықты екенін салмақтап білмеді ме екен, әйтеуір, жеткеніне жүрегі жылымайды, қолға келтіргеніне қомсынатындар да аз емес.


тоқ қоржыны тұлпарының екі ٴбұйырын соғып тұрса да танымына тыныштық таппайтын кісі бар, бұл заманның төлдері көп ойлайды, көп күрсінеді. ٴбырақ тұптың түбінде ٴбыздың талпынып жүргеніміз баяғы сол рясыз көңілдің кіршіксіз күлкісі мен аңғал жүректің ақ адал тыныштығы екенін білсек етті?!


балтаса гәрсиен: адам ٴомыры теңіз үстіндегі ұзақ сапарға ұқсайды, ٴбыз бұл сапарда сан-санақсыз дауылдар мен жауындарға ٴдоп келеміз. дауыл ٴтаныңды қалжыратып, жауын жаныңды жасытады. осындай шақта бізге бар керегі жүректің сабырлылығы, сабырсыз адамның бар тәбәрі–селдеген көз жасы,-деген еді.

ٴбыздың аяғымыздың астында сан тарам жолдар жатыр, қайсы сүрлеумен желдіртіп ٴоту ٴоз қалауымыздың еншісінде, ал жүрегімізде ٴбыр ғана жол жатыр, ол бақыттың, тыныштықтың жолы. жүрегің орнына түскенде ғана, бақытың орнына келеді.


ертеде көп жасаған ٴбыр әулие шәкіртіне: балам, мен саған ғылым үйіреттім, адам болудың жолын нұсқадым, енді саған ٴбыр сауал тастайын, егер осы сауалға дұрыс жауап берсең, онда ٴоз алдыңа шәкірт тәрбиелесең болады,-депті.


шәкірті ұстазына меиірлене қарап басын изепті.


ұстазы сонда: сен ٴұшын ең қәстерлі нәрсе не,-депті.

-қасты да, досты да мойындату арманым едім, сол ٴұшын өзгелердің көңілінен орын алу мен ٴұшын ең маңызды,-депті шәкірті.


ұстазы разы болмаған пішінмен басын шайқапты.


жас жігіт ٴсұт пысырым уақыт ойланғаннан кеиін: бұл күнде ٴбыз ٴұшын қәстерлі нәрсе байлық пен ٴмансап емес пе, онысыз ٴомыр ٴмансыз сезілмек-депті сауалдың жауабын ٴдал тапқандай қуанып.

ұстазы шала сауатты шәкіртіне барлай қарапты да: е, ٴыным, ٴбылымың жастығыңның буын баса алмапты. анығында сен ٴұшын де, ٴбыз ٴұшын де ең қәстерлі нәрсе мына кеудеміздегі құйыттай жүрегіміз. сен осы жүрегіңді басқара алсаң өзгенің пікіріне құлақ аспайтын да, байлық пен ٴмансапқа да көзсіз қызықпайтын да боласың. ең мықты адам ٴоз жүрегін басқара алған адам,-депті.


ٴбыз көбінде бітпеитін ٴыстың ٴбарын тау төбе қып ٴұйып аламыз да, оны басы-көзге қарамай көңілдің қоржынына сықап толтырып тастаймыз. жүйкенің де жұқаратын кезі болады, жүйке жұқарса, жүрекке салмақ түседі.

ٴбыздың миымызды керексіз ақпараттың тасқыны басып қалса, жорға көңіл, жүйірік жүрек жүрісінен танып жасып қалады.


жалғыз жүрегіңді ٴжәйсіз істермен жаралай бергеннің орынына, жақсы сөзбен жарылқап, ٴжәйдәрі мінезбен бағалай ٴбыл.


жүрегі қалыпқа түскен адам ٴар іске жарамды келеді. құйыттай құлын жүрегіңді тауға да, тасқада соға берме, оған тыныштық бер, оны сабырға шақыр, сабырлы жүрек сананы билеиді, сана әдәмдібилеиді.


    Пікірлер

    Көрші сілтемелер