Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-14420135937 %63 %

中国哈萨克语广播网



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жұңго қазақ радиосы

Жолданған уақыты: 22:30 - 2019/10/10



әуелгі келу қайнары: http://www.kazakcnr.com/jdt2019/201910/t20191009_1366039.html

торабымыз ұсыныс еткен ٴтылшы қаусылқан қасымқан ұлы хабарлайды. мемлекет мерекесі демәлісінә орай, өтбәсімізбен мори ауданына саяхаттай барып, қазақ кесте мәдениеті кәсіп бақшасына ат басын бұрдық. көздің жауын алатын ٴсанды кестелі бұйымдар баланың шешесін ٴтанты етіп, таңдайы тақылдады да ٴжұрды. менің көзім кесте дүкеніне тізілген бұйымдардың ٴٶр жағында қаз-қатар тұрған марапат куәліктеріне ауды. «дәрігердеи іздеген жүрек емін, кенет жерден тапқандай тілегенін» дегендеи, ٴзайымқан ٴаутай қызы атты іскері апайымызды суыртпақтап әңгімеге тартып, «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деп, кәсіп жарату барысына шағын сұхбат жасап та жіберген едік.

ٴтылшы: кәсіп жарату барысыңызды қысқаша айтып берген болсаңыз.

ٴзайымқан ٴаутай қызы

您的浏览器不支持 audio标签

ٴзайымқан апай: «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген, шешем он саусағынан өнер тамған ісмер кісі еді, бала күнімнен осы кестешілік өнерге баулыды, өзімде де күшті беиім болды. жоғарылап оқи алмаған соң, екі қол бос, ата-анаға масыл болып жүруден намыстанып, қөлмен кесте тігіп, ауыл аралатып ٴжұрып саттым. мори аудандық пәрткөм мен халық үкметі ауданның өзгеше ٴбыр кәсіп ٴтұры болған кестешілікті жандандыру ٷшын қыруар қаржы босатып, осы кәсп бақшасын ашты. 2008-жылы осы «меруерт» кесте көперәтивін құрдық. құрылған бірнеше көперәтивтердің кәсіп көлемі, жұмысшы саны, ٴоным сапасына қарай отырып, аудандық үкмет ٴарбыр көперәтивтің ٴонымын өндіретін завод енгізген кезде ٴбыздың көперәтивке бес завод ٴтиды.

ٴтылшы: ізгі ниетті кәсіпкерлер дара шаппай, елді ала шабады екен. «көршің байып кетсе қуан, кем дегенде ол сенен ештеңе сұрамайтын болады» деген әдемі ٴсоз бар. басқалардың кәсіптенуіне қолғабыс тигізіп, артыңыздан еруге құлықты сіңілілеріңізді жетелеп, жебеп, шәкірт тәрбиелеген екенсіз.

ٴзайымқан ٴаутай қызы және жолдасы азат әбеи ұлы

ٴзайымқан апай: солай. қырық сегіз бөйжеткен тәрбиеледім, олар ٴарбыр аудандарға барып кестешіліктен сабақ ٴотып, шәкірт тәрбиеледі, басқа аймақ-аудандар үсініспен шақырып, сабақ өткізді. ұлағатты ұстаз өмірдегі қормал ата-анаң сяқты емес пе, ұрпағының көсегесі көгерсе ٴмаз болатын. сол аяулы қыздардың өнерге құмартып, өмірге беиімделіп, ел алдында жүргеніне разы болып, тілеулерін тілеп отырамын. 2014-жылы бурылтоғай ауданынан «сая» атты серіктестік құрғамыз, ол жерде бастапта жиырма бөйжеткен жұмыс істеді, кеиін төртеуі ٷилы-баранды болып кетті, қазыр он алты қызым сол жерде жұмысты айтқызбай, шәшәу шығармай істеп жатыр.

ٴтылшы: осы араға кеше де келдік, көп санды дүкендер жабық тұр, кеибір дүкендегілер ٴбыр бірлерін «ٴжұр еше, ٴжұрдың» астынан алып, той-томалаққа кетіп жатыр екен, дүкендерін қара құлыпқа асығыс-үсігіс тапсыра салып. ٴсыздың дүкен ашық тұр, ٴсызды тойға шақырмаған ба еді?

ٴзайымқан апай: «табандыға табыс ٷиыр» деуші едік қой. саудаға араласып дүкен ашады екенсің, ٴсозсыз, табанды болуың керек. қаридар бүгін келмесе, ертең келеді, жылқы құлыннан, ақша тиыннан құралады, бес саусақты ауызға ٴбыр жолда салып, ٴбыр түнде күрт байып шыға келемін деуге мүмкіндік жоқ. нөсерлі жаңбыр, қақаған аязда дүкеніміздің есігі жабылып көрген емес. ауданымыз қазақ автономялы аудан болған соң, осы аудандағы жергілікті тұрғындарды дерлік танимыз, сауда жасайды екенмін деп, туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаң, құда-жегжәттәр арасындағы сүйіспеншілікті селдіретіп алу да жарамайды, той-томалақтан қалып көрмедік, жолдасым азат әбеи ұлы екеміз кезектесіп барамыз, ал екеміз де баруға ٴтиысты жер болса, дүкенге біреуді қаратып кетеміз. қаридар ٴбыр келеді, екі келеді, есігің тарс бектулі тұрса, ٷшыншы рет келуге кежегесі кеиін тартады. жеке кәсіппен шұғылданған шәкірттеріме «дүкендеріңді ٷш ٴжұз алпыс бес күн толық ашыңдар, есігі ашық тұрған дүкенге құт ٷиыр, бақ құштар, байлық беиім, табыстың ٴбыр пайызы тәлеиден, тоқсан тоғыз пайызы табандылықтан келеді» деп құлақтарына құйып отырамын.

ٴтылшы: солай, өте жақсы айттыңыз, апай. осы табандылықтарыңыздың арқасында автономялы район жағынан «қала-қалашық әйелдерінің жұмыс орнында үлес қосуындағы озат жеке», санжы облысы жағынан жеке-жеке «арнаулы кәсіптік көперәтивіндегі үлгілі көллектив», «ұлттар ынтымағы алға басарлығындағы озат жеке» болып марапатталсаңыз, биыл 5-айда, санжы облыстық жұмысшылар бас ұйымы «1-мамыр еңбек өрденімен» силаған екен, ал жолдасыңыз азат ағай бұл өрденге 2013-жылы ие болыпты. автономялы райондық екөнөмикә-информатсяландыру көмитеті жағынан «шинжяңдағы қөлөнер-әсемөнер ұстазы» деген қүрметті атақ алыпсыз. жеткен табыстарыңыздың әрине мүнімен шектеліп қалмайтынына сенімім кәміл. қазыр дүкеніңізде негізінен кестелі сөмкә көп екен, бұл қалай? қайда сатасыздар?

ٴзайымқан апай: бұрын төсек жапқыш, отсырмақ сяқтыларды базарға салдық. сауда деген нәрсе базарға бағытталған соң, қаридарлардың қәжетіне қарай сәйкесіп тұруы керек. саудаға көрегендікке қоса жасампаздық та, батылдық та қәжет.

ٴтылшы: солай апай, ٴсозыңыз ауызыңызда. баяғыда тайсын мен хөлиферді былғары қолғап шайқасына ٴтұсып, сайысып, біреуі біреуінің құлағын тістеп жаралағанда, ٴбыр шәкләт заводы дереу сол құлақтың пішінінде шәкләт жасап шығара қойып, мол кіріс кіргізген екен. міне бұл орайдан пайдаланып, саудада жасампаздық жаратудың жанды мысалы. ٴсозыңызды ары қарай жалғастыра беріңіз.

ٴзайымқан апай: бұл сөмкәләр бағасының арзан, сапасының жақсы, өрнектерінің көркем, жаңаша бөлуімен елді баурап тұр. басқа сөмкәләр сяқты емес, кірлесе жуып алуыңа да болады. құлағында әдемі сырға, мойында алқа, қолда білезік, иығында әдемі сөмкә бара жатса, қыздарымызға қандай жарасады. бұл бұйымдарды бурылтоғайдағы «сая» серіктестігі мен осы моридағы завотта өндіреміз. шинжяңның жер-жерінен тыс, шаңхай, беижиң екі қалада толайым сатып алатын қаридарларымыз бар.

ٴтылшы: кәсіп жарату барысыңыз бен алдағы жоспарларыңыздан негізінен хабардар болғандай болдым. сұхбатымыздың соңғы нүктесін қоятын жерге де таяп қалғандаймыз. ٴсоз соңында не айтар едіңіз?

ٴзайымқан апай: осы күнге жетуіміз ٴбыры ٴозымыздың тырысшаңдығымыздың арқасы болса, «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың ٷны шықпас» дегендеи, партя мен үкмет көңіл ٴболып, қолдап-қуаттамаса бұл күн қайда. кәсіп бақшамызды ашып берді, завотымызды құрып берді, қаржылай көмек көрсетті, азырақ еңбегімізді жоғары бағалап, марапаттап, шабыттандырып жатыр. ٴбыр жақта қарқарадай халқым отыр қолдаушы болып, демеп, жебеп. осы орайда барлығына мына жыр жолдары арқылы шексіз алғысымды білдіргім келеді:

маған арман жалғағандар,

ақ тілегін арнағандар,

маған қорған болған жандар,

алдамаймын сендерді мен,

мына жарқын тірлікте,

өміріме қойылғанша ٴбыр нүкте.

.......................................

асқар таудан қуат алып, айға қарап елжіреп,

аға алмасам туған жердің кеудесінде мөлдіреп,

ٴбыр лайсаң өзен болсам тұнықтықтан шеткері,

атама, елім, ٴоз перзентім деп мені.

Пікірлер

Көрші сілтемелер