Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-1225248442 %58 %

中国哈萨克语广播网



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жұңго қазақ радиосы

Жолданған уақыты: 20:30 - 2019/10/09



әуелгі келу қайнары: http://www.kazakcnr.com/jdt2019/201910/t20191008_1365925.html

авторы:мақсат қизат ұлы

«мал аласы сыртында, адам аласы ішінде»,- деиді екен халқымыз, былай қарасаң адамның ішкі әлемі әу баста құдды бос бөтелгеге ұқсап қалады. иә, кәдімгі сусындықтың жарқыраған әйнек бөтелкесі бар ғой, дәл содан аумайды.

быздың ел бұны: жан торсығым,-деген ғой.

быз ішіміздегі бөтелкемізге не құйсақ, сол болып шығатынымызды білдік пе екен осы?

мына өмір, мына қоғам құдды жаңағы жан торсығыңызға сусындық тарататын үлкен завод іспетті.

сыз осы алаңға кіресіз де, жарқыраған жан торсығыңызды түрлі сусіндіқтәрмен толтырып шығуға хақылысыз.

бұл жерде сіздің шөліңізді мәңгі қандыратын зәмзәм суы да, жаныңызды қарайтатын улы сусындық та бар.

......

мына адамның кеипіне қарашы, өзінен өзі жүдеп тозып кетіпті, ол алаңға келді де, құса-мұңның кермек тұнбасының алдына келіп, жан торсығын тоса қалды.

қабағынан қар жауып тұр.

-налымасаңшы, уақытша ғой, бәрі де өтіп кетеді, оданша қуаныштың балзамынан, ұмыттың сусынан дәм тат, сол ғана саған жолдас болады,-деген досының сөзін ол ескерген жоқ.

-мен бақытсызбын, мен сорлымын,-деді де, тарам-тарам көз жасын сүртпестен қара қошқыл тұнбадан қылқылдатты.

содан оның баттасқан көңіл бөтелкесін көрген жандар алыстан қашатын болды.

ـ жолама, қасында жарым сағат отырсаң болды ауру боласың, айтқаның бәрі зар, нала, кеудеңді күйікке толтырады,-деді маңайындағы жақын-жағаластары.

сол беті оның жан торсығын қәсіреттің күйік шалған кір тұнбасы басып қала берді.

......

міне қараңыз, ана бір жас бала алаңға келді де, аңтарылып тұрып қалды. не істерін білмеи әке-шешесіне қарады.

әкесі тәрбие сусынын, шешесі білім сусынын нұсқады. ол екіленген жоқ, келді де білім сусындығына бас қойды.

ол әр рет бөтелкесі босап, шөлдеген кезде алаңның мектеп, кітәпхәнә деитін бұрышына келіп, жан торсығын білім сусіндіғімен толтырып алады.

оның іші толған ғылым болды, аспанға өрледі, абыройлы болды, бұл абай атамыздың : дүниеде өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз,-деп өлеңін бой тұмар қылған жас ғалым еді.

......

ал мына сұрқы қашқан тар шекенің сықпытын қара, келді де, опасыздықтың ашты сірәсін жан торсығына басы-көзге қарамай құйып жатыр. жалғыз сенері атасының :еи, ұлым, оны ішпе, бұның саған пайдасы жоқ,-дегеніне қараған жоқ.

-ауылдан ұзап шықпаған сен нені білесің, есемнің кеткеніне өкінемін-деді де сылқылдата берді.

тыпты ол: бұл сусындықты ішуге қатаң тиым салынады,-деген бақырайып тұрған ескертпе жазуды да елемеді.

ол іштегі бөтелкесіне қастандық пен сұрқялықтың сырасын толғанша құйды, құйып алған соң құны-перен қоғамның қалтарысына құйып кетті.

ешкімге жаны ашуды білмеді, туған-туыс, ағайын-досты зарлатты, өз туған әке-шешесін де күйіктен олтырды.

соңында темір тордың аржағынан бырақ шықты, ол сонда барып өзінің ішкен сусындығының адамзатқа қарсы алапат әкелетін азғындықтың атау кересі екені білді.

......

анау келе жатқан адамның бір момыны еді. ол басқа сусындықтың бәрін қайырып қойды да, қамқорлықтың бұлағынан меилінше сімірді.

моп-молдыр бөтелкенің сыртына: жақсылық жасау – өміріңді көгертіп, жүрегіңді жасартады,-деген жазуды шаптатып алды.

оны көрген елдің бәрі құшағын жая қарсы алып: жақсылықтың жаршысы меиірім келеді, жол босатыңдар, төр беріңдер-деп қол қусыратын болды.

ол жақсылық сусындығы ғана жанын жадырататынын білді. соны өле-өлгенше ішіп кетті. өмірі мағыналы өтті.

......

міне көрдіңіз бе, барлығымыз да бір-бір жан торсығының иесіміз, ішімізге не құйсақ, соны сіміреміз. біздің ішкен рухани азығымыз біздің қандай адам болатынымызды анық белгілеиді.

мына өмірде махаббат, ұят, өкініш, сағыныш, кешірім, шабыт, шыдамдылық, қайсарлық, қамқорлық сусыны да, сатқындық, тұрлаусыздық, алдамшылық, өсекшілдік, көре алмаушылық, азғындықтың да шалабы бар.

бұл қоғамда сенімсіздік, табансыздық, үмітсіздік, дүние құмарлық, өкпешілділдіктің қара шәйі да, арман, мұрат, болашақ, бақыт, ұят, байлық, шүкіршілік, сабырлылықтың да қызыл қоңыр шәрбәті да бар.

өтелкеңді неге толтыру өз жүрегіңнің қалауы, бөтелкеңде не болса, сен де соның нәрінен нәр аласың.

егер бөтелкеңе таза шәрбәт құйсаң, ол ішкі жан дүниеңді мөлдіретіп, жарқыратады.

бөтелкеңе ылай су құйсаң, ол түніғәнімен де түбінде батпақтары көрініп тұрады.

бөтелкеңе құм, топырақ салсаң, онда ол бөтелкеңді ауырластырып, арқаңа ауыр жүк болады.

......

ертеде бір монақ таудағы шәкіртін ертіп етекке түсіпті. жол ортада олар бір кішкене өзенге кезігіпті. өзен бойында бір бөйжеткен қыз суды кешіп өте алмай дағдарып тұрған еді.

бұны көрген адал монақ қызды арқалаған бойы арғы жағаға жеткізіпті. қыз ұстазға басын иіп, рәқіметін айтып жолына түсіпті.

қызды арқалаған ұстазының қылығы шәкірт баланың зығырданып қайнатыпты. монақ ештеңеге мән бермеи өз жөлімен тарта беріпті.

қыз қырқадан асқан соң шәкірті ұстазына: пірім-ау, мынауың не қылғаның, монақ бәсіңмен әйел затын арқалағаның не, жөн-жосынымыз қайда қалды,-депті күйіп пысып.

сонда монақ: мен қызды өзеннен ағалық меиіріммен, әкелік жөніммен арқалап өткіздім, менің ойымда тек қана жанашырлық тұрды.

ал сен ші, сен оны көтермеи жатып көңілің бұзылды. сенің ішің таза емес екен-депті.

бұны естіген шәкірті ұялғанынан не дерін білмеи үнсіз қалыпты.

міне, көрдіңіз бе, біздің ішіміз қандай болса, ісіміз сондай болмақ, жанымыздың бөтелкесі жарқырап тұрса, жан-жағымызға жақсылықтан сәуле шәшәміз, жанымыздың бөтелкесі кірлесе, істегеніміз өрге баспай, кісі ісіне кесіріміз тиеді.

сол үшін көңіл бөтелкеңіз ақ болсын, адалдық, бақыт сізге жақ болсын, жан торсығыңыз жарқырап, жәйнәй берсін,-дегімз келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=37&id=1057866
Пікірлер

Көрші сілтемелер