Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19278187050 %50 %

Анамның меиірі сіңген, балалықтың ٴдамы қалған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жұңго қазақ радиосы

Жолданған уақыты: 20:30 - 2019/08/14



әуелгі келу қайнары: http://www.kazakcnr.com/wy/201908/t20190814_1354331.html

20-ғасырдың 60-жылдарының соңында дүңбеидің ٴит арқасы қяндағы ٴбыр қыстағында дүниеге келіппін. ол кезде, ауыл шаруашылығы дамымаған, атызда ٴбидай, көлшікте балық жоқ, ауылдастардың көбі бүгін тапқанын ертеңге жеткізе алмай, ٴұпы-ٴтапы тұрмыс кешіріп, түлкі құрсақ күйде жүретін.

ол кезде, ٴәркүні тәңертең, елдің ٴбары «қызыл ту радио жалғап тарату пөнкті қазыр қыстақ мүшелеріне арналған берілімді бастайды...» деген құлақ тұндыратын үнмен шырт ұйқыдан оянатын.

ол кезде, тек шағанда ғана болмаса, жыл бойы тіске сыздық боларлық ٴтұйыр ет көрмеитінбіз. анда-санда үйге қонақ келе қалса, шешем әдетте бізге беруге қимай, тыққыштап жүрген ақ ұннан көже-көлмек жасап, қонақтың алдына қоятын.

ол кезде, қонақ келсе дастарқаннан жұмыртқа үзілмеитін. не қуырып, не ٴторт-бес тал жұмыртқаны асып, қабығын аршып, таспалап ٴтылып, жұмыртқа сарысын үстіне қаратып тақсаға қатарлай ٴтызып, үстіне азырақ тұз сеуіп, дастарқанға қойылатын. бұл ең үлкен си еді.

ол кезде, шешем қазан-ошақ жақта күйбеңдеп жүретін де, атам мен әкем қонаққа серік болып тамақ жеп, әңгіме дүкенін құратын. ал ٴбыз сяқты ұсақ балаларға дастарқанға жақындау мүмкіндігі мүлде жоқ-ты. қақаған қыс келгенде, барар жеріміз, ойнайтын ойынымыз жٶқ ٴбыз мешке жақынырақ жерде ішегіміз шұрылдап отырса да, тамақ жеп отырғандарға қарамауға тырысатынбыз, қылқақтап қарай беру үлкен әдепсіздік саналатын. қонақ кеткен соң, асқан азынаулақ бірдемені ٴаужал етуші едік.

жеті-сегіз жасқа келгенде, маған аяқ астынан өткір тұмау ٴтиып, қатты қызып, ауырдым. қыстақ шипаханасы екі құмыра аспа укл салған, тамағым сонда да жұтындырмай, тұмаудың беті қайтпады. үйге келген соң шешем:

-ұлым, жұмыртқа жегің келеме?-деп сұрады. мұны естіген соң, көзім жәйнәп, дереу жанданып, шұлғып-шұлғып жібердім.

-қуырайын ба, жоқ әлде, суға пысырып береиін бе?

-ٴбары ұқсас,-дедім ойланбай-ақ.

шешем дереу қозғалып, суға пысырғаны, буға бықтырғаны, қуырғаны ٴбары бар аста-төк «жұмыртқа дастарқанын» әзірледі.

сол жٶлғы қатты аурғаным және жұмыртқаға ٴбұйырым шыға тойғаным ٴалы есімнен кетпеиді.

ол кезде, отбасы сайын тауық бақса да, ٴбыздың ауызымызға түсетін жұмыртқа жоқтың қасы еді. қонақ келсе жұмыртқа؛ үйде кәрі-құртаң, жас бала, ауру-сырқау болса жұмыртқа؛ дос-жаран сырқаттанып қалса жұмыртқа؛ біреу-міреу босанып қалса жұмыртқа...ал қалған жұмыртқаны жиып, сататын.
ол кезде, жұмыртқа ٴбыр отбасы кірісінің негізгі қайнары. балалардың оқу қаражаты, кітәп-дәптер сатып алу деген сяқтылардың барлығы жұмыртқаға иек сүйеитін. жұмыртқа жеу ٷшын қатты тұмауратуың немесе басқа тамаққа тәбетің тартпай, ыстығың асып ауруың керек. шешем кеспе көжені керемет жасаушы еді. қамырды өқтәумен жұқалап жазып, таспалап кескен соң, қайнап тұрған суға шәшә тастап, үстіне ٴбыр жұмыртқа және ұсақтап туралған сарымсақ пен дәмдендіргіштерді қосқан соң, хош ٴиысы ٷи ٴышын кернеп, сілекеиді шұбыртатын-ай келіп.

«елпек әйел ٴбыр елді баға алады» деген ٴтамсыл тұп-тура ٴбыздың үйге қаратылғандай сезілетін. байқұс жәнсебіл шешем, сол ٴбыр ішер астан тарыққан заманда, ٴбырды-бірге жалғап, жоқты жонып тауып дегендеи, ٴбыр ٷилы жанды аш қалтырмаған еді. қыл аяғы таудағы кермек кендір ٴшопты де кертіп турап, керемет қуырмашқа айналдырып жіберетін. денсәуліғі нашар ағам, көп сырқаттанып қалатын, шешем оған жұмыртқа пысырып бергенде, менің сілекеиім шұбырып, «маған ٴбыр пәле сап ете ٴтұсып, дөңбекшіп ауырсам екен, шіркін» деп тілеуші едім. 20-ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде, отанымыздың шығыс терістігінен батыс терістігіне келіп, дәңқпен әскерге кіріп, жүңгө халық азаттық армясы жәуінгері болдым. қарын тоқ, киім ٴбұтын, ٴар күнгі таңғы аста ٴбыр жұмыртқа беріледі, содан бастап жұмыртқа жеу арманым орындалды. алайда, ٴар рет үйге қайтқанымда, шешем аяғы-аяғына тимеи зыр жүгіріп, үстелді алуан әдіспен дайындалған жүміртқәләрмен толтырып тастайтын.

бұл күнде, жұмыртқа бәрімізге таңсық ас болудан қалды. ауылға қайтып, аяулы анама барғанда, шешем және де жүміртқәмен қарсы алатын. ٴозы қартайса да, жаңалыққа беттеп, жасау ٴтасылы ғана бұрынғы көне дағдыдан өзгерген. сазан балық араластырыла қуырылған жұмыртқа, қара саңырауқұлақ қосылған жұмыртқа, қышқыл қяр қосылған жұмыртқа, жюсай, жұмыртқалы түшпәрә....деисің бе, ٴбар-ٴбары табылады.

-жұмыртқаны көбірек жеңдер, денеге қуат болады,-деиді ол кісі.

немерелерінің жұмыртқаға тәбеті тартпағанын көрген шешем, «қәзіргі балалар ٴсоз ұғудан қалды» деп қинала бас шайқайды да қояды.

аршыған жұмыртқадай кіршіксіз балалығымды жұмыртқадан іздеген мен меиірбән анамның қолы тиген, меиірі сіңген асты талықпай таусап, құшырлана жеп отырмын...

аударған: қаусылқан қасымқан ұлы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=37&id=1034468
Пікірлер

Көрші сілтемелер