Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-141476452956 %44 %

Мен тағы аттанып барамын



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жұңго қазақ радиосы

Жолданған уақыты: 22:30 - 2019/08/13



әуелгі келу қайнары: http://www.kazakcnr.com/wy/201908/t20190813_1354033.html


гүлжән зәрқінбек қызы


сауыр айының салқын самалы жүрегімдегі сағыныштың жан сыздатар жарасын сәл де болса жазғандай еді. ауылдан ұзап барамын. кетіп бара жатқам жоқ. қайта туған жер қойнына тіпті де сіңіп бара жатқандаймын. мен ауылдан ұзап тағы бір ауылға аттандым. ауыл жәйлі менің рухым да жанымда екіге бөлінген. бірі қәзіргі асфалит жол бойындағы замануи көркем салынған беиқүт үйлермен айшықтала айбаттана түскен, беибіт баяшат тірліктің бесігіне айналған ауылға сүйіне қараған тебіреністі көңіл баяны, ендібірі сонау тау етегінде тек бұлдырап көрініп, ескі жұртқа айналған, бал дәурен балалық шағымның шұғылалы ізін іздеп, сонау арман мен үмітке толы балауса шақты сағынған, емірене еске алған сағыныш аяны. әр рет ауылға оралған сайын, ескі ауылға бір соқпасам көңілім көншімеиді. бүгін де сол алып –ұшқан көңілмен кетіп барамын.

жаңа ауылдан көне ауылға деиін бес килөметір жол. дала табиғаты қаншама дарқан. жол жағасы өзен бойындағы жалбыздың исы мұрынды жарып, сезімді қытықтайды. сыңғырлаған өзен суына қолыңды малсаң жып-жылы, саусағыңды су сүйіп тұрғандай жүрегіңді дір еткізеді. осы өзен екі ауылды жалғастырып тұрған бірден-быр желі. заман қаншама дамып, айналасының бәрін сіміріп, сыңдырып бара жатсада өзен арнасының өзгермегендігіне аллаға шүкірлік. иә, ескі ауылданазда болса ескі жұрнақ қалғай.

тау етегіне басын сүйеи шалқалай жатқан ескі ауыл көзіме оттай басылды. жүзге тарта жатаған үйдің бәрі шағылыпты. тегі иелері үй төбесінің ағашын бұзып әкеткенде тамды келсін-келмесін шаққан- ау, - деп ойладым.

иә, екі ауылды тұтастырған өзен ортасындағы көпірге келіп жеттім. семөнттән құйылған көпірдің арғы жағы ескі жұрт. бергі жағы жаңа ауылдың басталар жері. кешегі сағыныш пен бүгінгі бағынышты байланыстырып тұрған көпір баяғыдай күйде екен. оғанда тәубә деимін іштеи. десе де, маған ол мекені құлазып, ескі жұртта сандалған жандай сезілді. ажым басқан жүзіне зорлана күлкі жинап амандасқандай еді. көпір жағалауына отырып, жерді аса бір терең сүйіспеншілік, ыстық мәхәббәтпен сипап қоямын. қялым қяндарға шарықтай берді......

иә, он бес жас шамасындағы бұлдыршын қыз. қолы дырылди хат ашады:

-моншақ, сені ертең кеште көпір басында күтемін.

өте қысқа хат. бырақ тосын жазылғандай. кімнің жазғаны да белгісіз. соңына аты жазылмапты. күткені несі, не жұмыс? хатты кімінің әкеліп бергендігі де оған беимәлім еді. сабақ аралығындағы демәліс кезінде сыртқа шығып қайта оралғанда кітәп арасына қыстырылған. қыз қылмыс өткізгендеи қыслып барады, кләстәстәрі беине бәрін біліп мазақ қылып тұрғандай. сабақ мінбесіндегі мұғалым күмәнді көзбен оған өңменінен өткізе қадалады. үйге қайтып келгенде тәтесі не дер. ол да біліп қалды мә?білсе келісп сындалар. қыз жүрегін беимәзә сезім сарпалдаңға тұсырды. ертең, ертең, ертең күнге сенбі. әрине атсыз-аяқсыз жазылған хатқа бола кездесуге бармайды. сонда да неліктен екенмөншәқ түнімен кірпік айқастырмады. терезе әйнектеріндегі боз қырауға қарап көкірегін әлде не қарығандай болды. сан алуан өрнектен құралған қыраулар әлемі бірде шұғынық гүлдер шоғырына, бірде жер жүзіне төгілген жапыраққа, бірде ауыл ортасын жарып аққан ақбұлаққа ұқсап ертегі әлемінен сыр шертіп, аңыз ән шырқағандай. қызықтай жатып, қялға батып ол таң ата талықсып ұйықтап кетті. түсінде аққуға айналып көпір басында қонақтады. ақша қар қапалақтап жауп тұр. қар ұшқындары асыр салып оның қанатын қытықтай берді. көпір жағасындағы қаламша қар қалыңдаған сайын денесін билеи алмай бұлғақ қағады. тыныштыққа шомған әппәқ әлемде аққудың көзіне сонау алыстағы бұлдыр елес шалынды. жағасын көтереқәрә палто киініп, мойнына ақ шәрпі тағынған бір сұлба аяңдай басып көпірге қарай беттеп келеді. ол секем ала бастады. мына адам мені ұстап алар ма екен деген қорқыныш жүрегін қыса берді. ұшып кетеиін деп еді тағыбыр тәтті сезімге оранған қүдіретті күш оны жібермеи тұр. әлгі сұлба жақындаған сайын ол сабырын жоғалтты. аққуға айналған беинесін ойлап әттең адам болып, ақ көйлек киген аққыз болып келсем игі еді. неге аққуға айналып кеттім. ол мені адам емес құс деп таныр. бәлкім ұстап алып қапасқа қамар деген күдік ақыры оны жанталасқа тұсырды. қанатын қақты да едемде ұшып аспан аясына көтерілді. әлгі адам көпірге келіп әлде нені күткендеи дегбірсізеніп ары-бері айналсоқтап ұзақ жұрды. ауылға қарап қояды. ақ қарды сықырлата басқан аяқ дыбысы аққудың құлағына соншама анық жетті. дыбыста бал сезім балбырап, тәтті әуен төгіледі. сарғайған сағынш сиымфонясы да шалынып жатқандай. қара палто киінген жігіт төбесінде айнала ұшқан аққуды тіпті байқар емес. бар ықыласы ауылдан көпірге жалғасқан жалғыз аяқ жолға ауған. әлсін-әлі жолға қарап жалтақтайды. біреуді күтіп тұрғаны белгілі. уақыт

сағымдай жылжып барады. басқа ешқәндәйжән көрінбеді. тек аққу мен адам. мен мұнда неғіп жұрмын деп ойлады моншақ аққуға айналған беинесіне таң –тамаша болып. айдын-шалқар қоғалы көлі жоқ, жып-жылы жері жоқ бұл қақаған қыстың қар әлеміне қалайша аққу болып пайда болды екен. ол неде болса қара палтолыға жақындасуды ойлады. қанатын баяу қағып көпірге жақындаған тұста, әлгі адам жалт бұрылып аспаннан тұсып келе жатқан оған қадала қарады, екі жанар тұйылысп қалды, аққу және адам. ол көгілдір көзді, сары шәшті бозбала екен. жанарына мұнарлы мұң ұялап, сетер сезім орнаған. аққуды көріп таңғалғаны сонша бір сәт тұрып қалды да қос қолын сермеи жүгірді. аққу селт етіп бұрыла қашты, қанатын тынбай қағып келеді. қағып келеді. . . . . .

моншақ қарлы боранның уілімен селт етіп оянып кетті. ояна келсе екі қолы кеудесіндегі көрпені сабалап жатыр екен. иә, көңіл көгінде әлгі боз баладан әлі қысыла қашып барады. қашып бара жатып тағы да артына қарайлап қояды. көкірегінде үміт пен арман, елжіреу мен имену, қомсыну мен қорқу, ынтығу мен ыңғайсыздану араласқан албырыт сезім бар. ол қайтадан көз іле алмады. . . . .

сенбі күні моншақ күн бойы беимәзә күй кешті. анасына еріп жота басынан қар әкеліп ертті. күн нұрына шағылысқан қар әлемін көргенде, кеше түсінде көрген аққу есінен бір шықпай қойды-ау. кешегі беимәлім хат иесі оған ғайыптан хат жолдады-ма деп ойлады. кешкісі шам түбінде аққулар ұйықтағанда атты өлең оқыды. үйден шығып көпір басына барғысы да келді. бырақ ұяңдық ұялаған жас арудың жан-дүниесі оны үйден аттап шығуға жібермеді. тек көзін жұмып төсекке құлай берді. аққуға айналған арман түсінің жалғасы болар ма екен деші. бәлкім кешегі шала ұйқының кесірі болар. моншақ қатты ұйықтап кетті. иә, содан қайтып, күні бүгінге деиін әлгі хат, хат иесі, әққужәйлі жаңалық мүлде болған емес.

мен екі ауылды жалғастырып тұрған бірден-быр белгіге айналған көпірге сағына қарадым. неге екені белгсіз көпір маған балауса махаббаттың куәсі, балалық бал сезімнің бесігіндеи көрінді. аққуға айналған қялдағы пәктік әлемінің тұғыры осы көпір. боз баланың көңіл көкжиегіне қонақтаған күрсінісі мен күңкілі көп мезгілсіз махаббатының майда қоңыр самалы осы көпірді аймалаған шығар-ау деимін.

көпірден ұзап ескі жұртты аралап келемін. әне әзипә апаның үйі, бес-алты ауызды үлкен семя еді, мұжық тамға айналыпты. есік алдындағы ошақ қана сау тұр екен. әзипә апа есік алдына сырмақты жәйіп жіберіп, жан-жағындағы көршілерін шайға шақырушы еді. құлақ түбімде көршілердің аңқылдаса әңгімелескен үні мен жарыса шыққан күлкісі. міне орал атайдың шаңырағы. қорасы да бұзылған, тек жирен қасқасын байлайтын қазық сол қалпы екен. аттың сыны мен сұлулығына ерекше мән беретін орал ата қашанда ең әдемі арғымақтарды таңдап мінуші еді. жиренінің жалын тарап, арқасын сипап емірене қараушы еді жарықтық. сол жирен қасқа былтыр ақсақалдың жылына сойылыпты. сойылардан бір күн бұрын жаңа ауылдағы қорадан босап жоғалып кеткен екен. жыл асына арналған малдан айырылған орал атаның балалары жирен қасқаны іздеп у-шу болғанда, біреу ежелгі жұрттағы осы қазық басында бір аттың айналсоқтап жүргендігінәйтәді. сөнімен олар әзер дегенде жиренді ұстап, жетелеп қайтқан екен деседі. иә жылқы адам мінездес деиді ғой. өзінің иесінің рухына арналатындығынқайдан білсін? иесін еске алып көне жұртқа тартқан шығар. ауылдың қақ ортасындағы кішкентәй мәгезиннің тамдары бүкілдеи құлатылған. айдалаға қойылған тамақ үстеліндеи тек семөнт пөкәй ғана тұр. пөкәйғә қарап еркінбек аға есіме келді. ол үнемі масаңдау жүретін. пөкәйғә сүйене қалып мәгезиннен бос арақ алып ішетін.

содан келгендерге :

-әй, сендер көп нәрсені білмеисіңдер ғой. білмеисіңдер...

білсеңдер болушы еді. жарайды білмеи-ақ өтіп кетіңдер...

білмегендерің жақсы ғой, білмегендерің...

осылай деп ол бірдемесін қайталап айта өзінше күрсініп мұңайып қалатын. оның сөзіне ешкім де құлақ асып жатқан жоқ.

әйелі келіп:

-сандырақтап не ғып тұрсың ? жұр үйге сілімтір, сен әрәқкештен көретін болдым-ау, -деп жылауға жақын шәрқілмен оның әлсіз денесін жұлып-жұлып жіберіп сүйрете жөнелетін.

мұндайда ол басқа емес ойын толық айта алмағанына опық жептәғі да сөйлеп бой бермегенситін. қанша тырбансада тәнтіректеи жығылып әйелінің адуын қолында жұмарланып кете баратын. күңижидің соры қайнайтын болды-ау, -деп қасындағы құрдастары мазақтап күліп қала беретін. жұрт мәскүнем десе де сол ағаны көргенде менің жүрегімде бір аяушылық оянатын. оның жүрегінде біз білмеитін тереңдік бардай сезілетін маған. бір күні оқудан келе жатып жол бойындағы қырман басында көк тысты бір дәу кітәпті құшақтап отырған еркінбек ағаны көрдім. оның кітәпқә үңілген беинесі әлі күнге деиін көз алдымда. ерекше құмар сезім, ыждағатты өймен бар дүниені ұмытып кеткендеи. әншеиінде арақ ішкенде былшық басып кететін көздері нұрлана жәйнәп тұр. мен қасына жетіп барып дауыстай амандасқанда ғана ол кенет басын көтеріпәңқілдәй :ой қарындас кел, -деп орнынан ұшып түрегелді.

-аға, не кітәп оқып отырсыз? көреиінші.

-ой, көре ғой, кітәпқә бұрылған көңіліңнен айналдым. көр. көр. . міне, -деп құрақ ұшып кетті.

қарасам кітәптә «жұз жылдық жалғыздық» көлөмбя жазушысы гәбриел гәрся мәркес деп жазылыпты. ол кезде бұл кітәп пен есім маған мүлде беитәніс еді. көлөмбя. ауылда жүрген бізге жер шарының тағы бір жарты шарындағы көлөмбя деген ел қайдан таныс болсын. мен кітәпқә аңтарыла қарадым.

еркінбек аға:

-керемет ұлы шығарма. шіркін, -деп сұйсынып тұр.

содан араға ұзақ жылдар салып, тегі бұл кітәптің қаншалық баға мен құнға ие екендігін кеш білдім.

иә, пөкәйғә қарап еріксіз күрсініп жібердім. өйткеніеркінбек аға екі жылдың алдында өңеш рәгінен қайтыс болған еді. әнәммен бірге көңіл айтуға барғанда оның науқас төсегінің басына қатар-қатар жиналған кітәптәрғә қарап еріксіз ойға батқан едім. дәл қазыр осы пөкәйдің қасында еркінбек аға маған қарап күлімсіреп тұрғандай еді. көзімді жұмсам әп-әдемі киініп, сақал-мұртын тап-таза алып салауатты беинемен мінбеде лекся сөйлеп тұрған еркінбек аға. біз білмеитін әлде бір ғәжәйіп әлемнің сырын шертіп, жұмбағын шешіп, ұшан-теңіз білім бұлағын ағытып жатқандай айналасына мәқтәнішпен қарайды. масаттана қарайды...

ауылдың тау жақ тұсына келдім. иә, бұл жерде бір алып қарағаш бар. оның дәулігі соншалық бұжыр-бұжыр бұтақтары арасына торғайлар ұя салушы еді. бораннан ықтап, жаңбырдан жан сауғалайтын бұтақ арасындағы жан ұяны әләқәніңізбен ұстасаңыз соншама жылы. мен құс екеш құстың да беине адамзат сяқты тіршілік үшін тырбанып, өмір үшін арпалысп, ұрпағы үшін ұмтылатындығын осы үйіміздің тұсындағы алып қарағаштың бұтағына бой тасалаған торғайдан сезіндім.

бала кезімде үйіміздің алдында кішкентәй көгөніс тақтасы болды. оған әкем қызанақ, қяр, көкбүріш, бәкләжән сяқты түрлі көгөністерді егуші еді. әкем көгөніс егуге қатты шебер болатын. ол ксі еккен әрқәндәй жемс-жидек көгөністер ерекше мол өнім беруші еді. әрине, мұның ішінде қоймай таласатынымыз қызанақ ғой. жазға айнала қызанақтар арт-артынан пыса бастайды. қып-қызыл. мөп-мөлдір қызанақтар көздің жауын алатын. исын демеисізбе, шіркін? тәп-тәтті қышқыл исын иіскеп жегенге қимай қызықтап көпке деиін отыратынмын. қазыр ондай қызанақ қайдан болсын. қуырмашқа салсаң дәрінің исы аңқып, жесең жып-жылымыш сезілетін татымсыз қызанақты жеп жатқаныңды, былғанған әуәмен тыныс алып, былыққан ортада жасап отырғаныңды ойлағанда қәзіргі тұрмыстан бір сәт безіп кеткен келеді.

қызанақ пыспай жатып, сіңілім, бауырым үшеуіміз күніне аңдимыз. көрші үйдегі құрдастарымызда құр қалмайды. оларда бір шетінде. мұндайда жаңбыр көп жаумай күн қатты ысуы керек. екі күнгі ыстықтан соңғы тәңертең қып-қызыл болып көздің жауын алған қызанақтарды көргенде өзімізді қоярға жер таппай кетеміз. толық пысқанын жесеңіз құмдай үгітіліп аузыңа құйылады. өкінерлігі біздің балалық ашқарақтығымыз анамның мысын құртатын.

-қызанақтың бір пысқанын бір жеп таустыңдар-ау. енді қурмашқа не салам ? түгелмен пысып болғанша сабыр етсеңдерші, -деп қомпылдап кетуші еді анам. мұндайда біз үндемеи қаша жөнелетінбіз.

иә, сол біз ұрдап жеитіп қызанақты ұрпағы үшін торғайдың да торуылдағаны, бырақ қылмысынан қысылып қиналғандығы өшпестеи болып есімде қалыпты. ескі жұрттағы мынау алып қарағаш басында ұрпағын асырап, ұясын аялаған, сол менімен бірге ұрлыққа түскен торғайдың беинесі шынында ғәжәйіп. жаңбырдан кеиін күн ашыыла қалған болатын. үйдегілер түскі ұйқыда демәлістә. мен баспалап далаға шығып, көгөніс тақтасына келдім. жаңбыр жуған қызанақтар онан ары қызара жарқырап нұрлана түскен. аузымның суы құрып, бірді үзіп алу ойына келе қалған едім. бырақ, жер батпақ екен. көгөніс тақтасын аралау қолайсыз болды. сөнімен амалсыз қырмаққа жәйғәсіп, жаңбырдан соңғы табиғатты тамашалап, таза ауаны сіміріп отырғанмын. анда-санда маңайдағы тастарды теріп алып, жер шимайлап қоямын. кенет шырылдаған торғай үні назарымды аударды. иә, торғай үнін әдетте де көп естиміз. бырақ мына дауыс ерекше бір тосын әрі ашты шықты. қарағаш түбінен шыққан қысылған қиналған дауыс. жүгіріп жетіп барсам қарағаш түбінде шыр-пыр етіп торғайдың екі балапаны жатыр. шамасы ұядан құлап кеткен тәрізді. мойны үзіліп кетердеи бар күшімен шырылдаған сайын жүні толық жетілмеген қызыл шақа денесі одан бетер қызарып, дір-дір етеді. аңғары қарағаштан құлап түскеніне де быраз уақыт болған сяқты. алғашында аңдамай жатып- жатып, қарны ашқанын сезіп шырылдап жатқан сяқты. неде болса ұясына салып қояиын деп қамдана бергенімде кенет әуеден бір нәрсе зу етіп маған атылғандай болды. жалт қарасам ана торғай екен. мен тезден артқа неше қадам шегініп кеттім. беишәрә менің балапандарын ұстамақшы болғанымының үстінен тұсыып, зянкестік істемекші, -деп алаңдап жанталасқа түссе керек. мен ұзап барып анадайда қарап тұрмын. торғай балапандарын айнала ұшады. бірдем біреуіне енді бірдем біреуіне жақындайды. түмсіғімен түртіп-түртіп қояды. жан-жағына алақтап қарайды. балапандарын ұясына қалай шығарарын білмеи қиналып тұрғандығы белгілі. мен неде болса көмектесеиін, -деп тағы алға жұрып едім. торғай кенет көгөніс тақтасына қарай ұша жөнелді. мен де еріксіз оған ілесе жүгірдім. торғай қызанақ тақтасына тоқтады. содан маңайына жалтақ-жалтақ қарап қояды. іштеи таңғалып мен тұрмын. қызанақ ұрдаймын деп анамнан жасқанып жан-жағыма жалтаңдай қарап өкшелеи басып көгөніс тақтасына келетін өз беинем есіме тұсып кетті. менікі нәпсіге бой алдырған желөкпе балалық далбасалық қой. ал мынау төрғәйдікі ақ үрпек балапанына арналған аналық ақ еділ махаббат. бал баласы балапанының тірлігі мен тынысы үшін амалсыз жасалған арпалыс. бұрындары ешқәшән да олардың көгөніс тақтасындағы қызанаққа тигенін көрмеген едім. торғай ақырын жорғалап қызанақтың түбіне келді. содан ең қып –қызыл піскен біреуін түмсіғімен шұқи берді. қарап тұрмын. шамасы қызанақтың сөлін сорып жатқан сяқты. содан бір уақытта тұмсығына қызанақтың ішіндегі еті мен сөлі қослған дардай бір бөлегін алып жорғалай басып қарағашқа жақындап келеді. ұшса едемде жететіні даусыз. бырақ тұмысғындағы азық жерге тұсып кету хаупы бар. қарағаш пен көгөніс тақтасының арасы біз үшін жақын бөлғәнімен, жорғалаған құс үшін бір талай сапар. торғай жорғалай жұрып ақыры қарағаш түбіндегі балапандарына жетті-ау. осылайша ол көгөніс тақтасы мен қарағаш арасында сан барып сан келіп жұрып, екі балапанын кезек-кезек азықтандырды. қарны тойған соң балапандардың шырылы да тоқтап қалды. енді торғай тағы да дағдарды. бұл жолы ол менің жақындағанымнан үрікпеді. қайта дөп-дөңгелек көздерін маған қадап меиірленіп тұр. мен оның екі балапанын жерден ақырын алып қарағаш басындағы ұясына салып қойдым. торғай пыр етіп ұшып ұясына қонды. содан беине бір зор қуанышты тойлағандай сайрай жөнелді. қалайша екен, менің де көңілім марқайып масаттанып қалдым. шіркін, сүйген тамағыңды жеуден артық бақытты сезім бәлкім осы шығар, - деимін іштеи. содан бастап мен қарағаш басындағы торғай балапандарын сырттай қорып жүретін болдым. оларды көрген сайын жүрегіме ерекше бір жылылық орнайтын болды. сонан бастап бәсқәләрмен бірігіп қызанақ ұрдайтын әдетімді де қойдым. қызанақты тек анамның рүхсәтімен жеимін. одан аздап бөліп алып торғай ұясының қасына апарып қоятын едім.

иә... бал дәурен балалық өтті ғой бұл ауылда, қәсиетті жер, қайран тұғырда. мінеки сол қызық пен шыжыққа толған ауыл қазыр қирандыға айналған. жаңа қоныстан жаңалық іздеп, көне қонысты күйретіп кетіп бара жатсақта, ол арадағы есіл беине, еміренген шақтар есімізде. арман деп аттандық, ауыл деп аңырай оралдық. бырақ байыз таппаймыз, тағы да сол бітпес сапар, түгемес тірлікке аттанамыз.

қас қарайып келеді. менде қайта аттанып барамын. тек ескі жұртты еске алып амандасқан болдым. өйткені көп жағдайда керекке жарағаның -ауылдан ұзағаның, ауылдан алыста өз орныңды тапқаның, тапсаң ұтқаның, таппай сандалып оралсаң жарамсыз, жағымсыз болып ұтылғаның. мінеки топ болып ескі жұртты тастап, жаңа ауылға кеткенбіз. ал мен оны да тастап жат жер, жатырқай аумаққа аттанып барамын. есіме мұқағали мәқәтәйевтің мына өлеңі түсті:

сен де кеттің,
мен де кеттім,
ол да кетті ауылдан. осынымыз ұят болды-ау,
ұят болды-ау қауымнан!
ұят болды-ау,
ұят болды-ау,
ұят болды-ау бауырлар!

момын елдің,
арқа сүйер,
азаматы біз едік,
жеке-жеке бақыт іздеп,
жеке өмір түзедік,
жетер енді!. . . .
туған жердің топырағына тізе бүк!

өлең пірі мұқағали атамызға үн қосып менде бірдеме айтқым келді:


келіп тұр мынау,
келіп тұр анау ауылға,
кеудеңді төсе ауылда жауған жауынға,
сәлем бер, бала, ескі жұрт, барша қауымға,
қойнауы құшақ, асқар тау құсап,
дем берер саған ышқынған нөсер дауылда.

автордың қізмет орны: орталық халық радио стансясы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=37&id=1034076
Пікірлер

Көрші сілтемелер