Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21470360156 %44 %

Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 40-орынға көтерілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:24 - 2019/05/19


Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 40-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интернеттің 100 мыңнан астам хосттан тұратын ұлттық сегменті пайдаланушылар үшін анағұрлым қауіпсіз бола түсті. Бұл туралы Астана экономикалық форумы аясында өткен Cyber & Digital Security-2019 конференциясында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік органдардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 82-ден 40-орынға көтерілген.

«Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты тексерілуде. Әрі мемлекеттік, әрі корпоративтік секторлардағы дерекқорларға қашықтықтан қол жеткізу технологияларын қауіпсіз пайдаланудың әдістерін меңгеріп жатырмыз. Бұдан бөлек, ақпараттың қауіпсіздігін жүйелі талдау енгізіліп жатыр», - деді ол.

Асхат Оразбек атап өткендей, осы мәселелердің өзектілігіне байланысты, ақпаратты қорғау саласындағы кәсіби аутсорсинг қызметтеріне деген сұраныс артып отыр. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік бағытына бөлінетін білім гранттары 11 есе артып, 60-тан 674-ке жеткен.

Қазақстандық және Польша, Малайзия, Италия, Өзбекстан елдерінен келген спикерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері пікір алмасты. Сарапшылар жаһандық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі мәселелерін талқылады.

 

Авторы Сара Қабиқызы

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=997076
Пікірлер

Көрші сілтемелер