Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-1810426221 %79 %

Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:18 - 2019/05/19


Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен өткен шара кесененің қақпасынан бастау алды. Онда музей директоры Нұрболат Ахметжанов барша қонақтарды айтулы күнмен құттықтады.
Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды 

«Әр жыл сайын Музейлер күні кең көлемде аталып келді. Ал, музей түні -  әлемдік тәжірибеде бар шара. Биыл, Түркістан қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған "Музей түнінде" қонатар түнгі екіге дейін түрлі танымдық бағдарламаларды тамашалап, сайыстарға қатыса алады. Мерекелік бағдарламаның бәрі рухани, танымдық шараларға негізделген. Әр Құжыра бөлмесі,   тарихи маңызына сай безендіріліп, бағдарламалары да өз ерекшелігіне сай жасалған»,-деді Нұрболат Ахметжанов.

Салтанатты жиын барысында музейдің бірқатар қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен алғыс хаттары табысталды. Қазақтың хан-батыр, билері киімін киген музей қызметкерлері тарихи тулар ұстап, елге ынтымақ-бірлік тілеп, театрландырылған көрініс көрсетті. Музей түніне келген қонақтар сонымен қатар кесене ішіне кіріп,  мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің қарындасы этнограф А.Серім және тайқазанды зерттеуші ғалым Д.Мұстапаевпен кездесті. Көне жәдігерлердің тарихы жайлы мәліметтер алып, ой бөлісті.
Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды 

 Танымдық басқосу «Қорық-музейдің өткені мен бүгіні», «Қорық-музейдің баспа өнімдері» тақырыбындағы фото және кітап көрмесін тамашауға ұласты. Мекеменің тыныс-тіршілігі мен жеткен жетістіктері және алдағы жоспарлары жайлы деректер айталды. Сондай-ақ,  Түркістан өңіріндегі Қожа Ахмет Ясауи, ГауҺар ана, Үкаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы, Шығыс моншасы тағы да басқа көптеген тарихи-рухани орындар жайлы экскурсия  3Д тур виртуалды көзілдірігі арқылы жүргізілді.
Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды 

Музей түніне қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Кітапхана бөлмесінен ашылған «Ұлы даланың жеті қыры» залы және Үлкен Ақсарай бөлмесінде құрылған «Түркістан қазақ хандығының Ақ Ордасы»,  Асхана бөлмесінің экспозицияларын тамашалап, Хан тағының қасында батырлармен суретке түсті. Шара барысында қатысушылар ортағасырлық құдық суынан дәм татып, Құдықхана бөлмесі жайлы ақпараттар алды. Тарихи кеште Жастар жылы да назардан тыс қалмады. Жастар арасында Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін жатқа оқу және Түркістанда жерленген тұлғалар жайлы викториналық сұрақтар бойынша сайыс ұйымдастырылды.
Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды 

Қасиетті Рамазан айына орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Мешіт бөлмесінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.

Музей түніне келушілер тарих тұлғалар жайлы мол мағлұматтар ала отырып, ата-бабаларымыздың күнделікті күйбең өмірі мен тұрмыс-тіршілігі жайлы көріністерден хабардар болды. Түйе, тазы ит және құсбегілер де музейге келушілерге айрықша әсер сыйлады. Айтулы шараға қатысқан Өзбекстан Республикасының зияратшылары мен Түркия, қытайлық туристер дән ризашылықтары білдіріп жатты.

 


Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды 
Түркістанда алғаш рет «Музей түні» ұйымдастырылды 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=997035
Пікірлер

Көрші сілтемелер