Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21448349256 %44 %

Елордадағы Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/05/19


Елордадағы Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Түркия Республикасының негізін қалаушы ұлы қайраткер Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды Парижде Ұлы даланың мәдени мұрасына арналған форум өтеді

Бұл шараға Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Елордадағы Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 

Айта кетсек, бүгін Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 100 жыл толды

1919 жылдың 19 мамырында Мұстафа Кемал  Самсунға инспектор ретінде  аттанып, сол жылдың жазында-ақ Одақтас елдердің басқыншылығына қарсы  түріктердің  ұлт-азаттық  көтерілісін бастады. Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тауып, Ыстанбұл Антанта одағының қолына өтіп, капитуляция шарты бойынша ел армиясы толық таратылып, қарусызданып жатқан шақ болатын бұл. Түрік тәуелсіздігіне қауіп төнгенін жар салып, Осман армиясы қатарынан  кеткен Ататүрікті ел қолдағанымен, Сұлтан билігі  аяқтан шалып, тіпті сыртынан өлім жазасына кеседі. Іштегі күрестен де қауіпті соққыны солтүстік-шығыста армяндар,  батыста гректер ұдайы қайталап жатты. Антанта үштігінің капитуляция шартын  желеу етіп тізеге салуы да жаңа  бағытқа бет бұрған түрік жұртына ауыр тиді.

Тәуелсіздік үшін ұлттық қозғалыстың негізін жастар құрағандықтан, 1938 жылдың 20 маусымы күні 19 мамырды Жастар және спорт күні ретінде белгілеу туралы заң шықты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық Түркі академиясы Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің 100 жылдығына арнап ауқымды шара өткізді.

2009 жылдың қазан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылған еді.

Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші Ж. Тәшенов көшесі бойындағы саябақта орнатылған. Қоладан жасалған ескерткіштің тұғыры граниттен қаланған. Биіктігі 4,4 метр, салмағы 5,5 тонна.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=996979
Пікірлер

Көрші сілтемелер