Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-05-18605190941 %59 %
2019-05-19717216142 %58 %
2019-05-205812630 %70 %

АҚШ Қазақстанның басты әріптестерінің бірі - ҚР СІМ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:36 - 2019/05/16


АҚШ Қазақстанның басты әріптестерінің бірі - ҚР СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  АҚШ-пен жан-жақты әріптестікті дамыту еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Кипр Қазақстанмен арада бірқатар құжаттарды бекітуге мүдделі Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға сапармен келеді - ҚР СІМ

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезеңде қазақстандық-американдық ынтымақтастықты ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 15-18 қаңтарда АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтары анықтайды.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сындарлы диалогтың жалғасы ретінде, сондай-ақ ағымдағы жылдың 15 мамырында өтетін Астана экономикалық форумның қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Бәсекеге қабілетті Қазақстан» 3-ші жыл сайынғы қазақстандық-американдық бизнес-форумы өтті.

Бұл іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, елдің басқа да мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Америка тарапынан АҚШ Елшілігі, Шетелдік жеке инвестициялар корпорациясы (ОПИК), сондай-ақ 28 ірі америкалық компаниялардың басшылары, оның ішінде «Coca Cola», «Gilead», «HP», «Microsoft», «Valley Irrigation» және т.б. қатысты.

Аталмыш алаңда Қазақстан Үкіметінің елдегі іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту бойынша, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс үшін бірыңғай экожүйені құру бойынша қабылдаған шаралармен, сондай-ақ отандық экономиканы жаңғырту, әртараптандыру және цифрлау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысымен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

Форум ұйымдастырушылары, ҚР Сыртқы істер министрлігі және халықаралық өзара түсіністік жөніндегі Іскерлік кеңес («BCIU») екіжақты әріптестіктің жаңа перспективті бағыттарына баса назар аударды, тараптар индустриялық және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау, АӨК, ақпараттық технологиялар, сандық жүйеге көшу, аэроғарыштық өнеркәсіп және энергетика сияқты маңызды салаларда ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылады.

«Елдің жаңа басшылығы саяси және экономикалық бағдардың сабақтастығын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша шараларды жоспарлы түрде іске асыруға ниетті. Қазақстан Америка Құрама Штаттарының инвестициялық мүмкіндіктерін белсенді қолдануға қызығушылық білдіреді. Инновация және озық технологиялар саласындағы америкалық көшбасшылығын ескере отырып, Қазақстан америкалық тараптың алдыңғы қатарлы білімі мен озық тәжірибесін тартуға мүдделі», - деді Б. Атамқұлов.

Сыртқы саяси ведомство басшысының айтуынша, елорда және ҚР-дың басқа ірі қалалары инвестициялар тартудың негізгі «магнитіне» айналды. Бұл тұрғыда, дамыған инфрақұрылым және қызметтер саласы бар Нұр-Сұлтан қаласында шетелдік инвесторлар өздерін өте жақсы сезінеді. Мемлекеттің барлық аумағында Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер табысты жұмыс істеуде. Өз тарапынан ҚР СІМ экономикалық және инвестициялық жобаларды толықтай қолдауға дайын.

Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі биылғы қазақстандық форум Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы коммерциялық уағдаластықтарды және жобаларды іске асыру барысын талқылау үшін пайдалы алаңға айналғаны сөзсіз.

АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар құру туралы мәселелер АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда және инвестициялар туралы негіздемелік келісім жөніндегі кеңестің аясында тұрақты негізде талқыланып келеді.

28 жылдың ішінде екі елдің арасында 70 мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шартқа қол қойылды.

Соңғы жылдары АҚШ-тан біздің елге бағытталған тікелей инвестициялар ағынының жоғары қарқыны байқалды, өткен жылы олардың көлемі 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 44,7% артық (3,6 млрд. АҚШ доллары).

Құрама Штаттардан республиканың экономикасына бағытталған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 2005 жылдан бастап санағанда шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен шамамен 524 компания жұмыс істейді, олардың 141 компаниясы бірлескен кәсіпорындар болса, 41 компаниясы тауар өндірумен және 37 компаниясы өнімді басқа елдерге экспорттаумен айналысады.

Өткен жылы екі мемлекеттің арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд. астам АҚШ долларын құрағанын еске саламыз. Қазақстаннан АҚШ-қа бағытталған экспорттың көрсеткіші 956 млн. АҚШ долларына жетті, ал АҚШ-тан Қазақстанға бағытталған импорт 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=995564
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар