Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-05-18605190941 %59 %
2019-05-19717216142 %58 %
2019-05-205812630 %70 %

Үндістандықтар Түркістан облысына тау-шаңғы курортын салады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:36 - 2019/05/16


ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев «Chaudhary Group (CG Global)» трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бинод Чаудхари жəне атқарушы директоры Варун Чаудхаримен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандының теміржол вокзалында жаңа терминалдың құрылысы басталды Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығында 7 нысан пайдалануға беріледі

Сондай-ақ, басқосуға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері мен ҚР Үндістандағы  Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Сарсенбаев қатысты.

Кездесу барысында М.Мырзалиев Түркістан облысындағы бірқатар қолжетімді жобаларды таныстырып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен қазіргі тұрмыс-тіршілігі жайында толыққанды ақпарат берді.

Аймақтың мүмкіндіктерінен хабардар болған «Chaudhary Group (CG Global)» компаниясының өкілдері бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, қонақтар «Қасқасу» тау-шаңғы курортын салып, соған лайық қонақ үйлер мен инфақұрылым жүйелерін тартпақ. Жобаны жүзеге асыру үшін Испания немесе Швейцариядан тәжірибелі мамандарды тартуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Түркістан өңірінен қонақ үй алып, кеспе өнімдерінің өндірісін кеңейту және өңірде «Food Park» азық - түлік паркін құруды ақылдасты.

Сондай-ақ, жиын барысында «Chaudhary Group (CG Global)» өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келетіндерін айтты. Іссапар аясында олар Қазығұрт ауданының индустриалды аймағында болып, ондағы тез дайындалатын кеспе өндірісі бойынша зауыт құрылысының барысымен танысады.

Айта кетейік, зауыт 2019 жылдың 1 шілдесінде толық іске қосылады деп жоспарланған. Жобаның инвестициялық құны 15 млн. АҚШ долларын құрайды. Өндірілген кеспе өнімдері Ресей, Өзбекстан жəне Қырғызстан сияқты көршілес елдерге экспорттау көзделуде.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=995547
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар