Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да 15 мың га алқапқа соя егіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:48 - 2019/05/16

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-15-myn-ga-alkapka-soya-egiledi_a3526773


СҚО-да 15 мың га алқапқа соя егіледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биыл 15 гектар аймаққа соя егу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ұқсас жаңалықтар
Павлодардағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 30 тоннадан астам өнім сатылды Түлкібаста қарқынды бау көлемі жыл сайын артып келеді

Бұл туралы өңір әкімдігінің мәжілісінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

Оның сөзінше, аймақта жыл сайын егістік аумағы кеңейтіле бермек.

«Маған соя егуге арналған техника сатып алынғаны туралы мәлімет жетті. Келесі жылы соя егілетін алқапты 150 гектарға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұршақтұқымдас дақылдар топырақтың құнарын арттырады. Кейбір адамдар соядан соң жер күйіп кеткен тәрізді болады деп жатады. Ол ауыл шаруашылығы саласынан хабар аз адамдардың ойы. Ал шын мәнінде керісінше, соядан соң астық жайқалып тұрып өседі. Тіпті әдеттегіден еке есе көп өнім аламыз десек   болады. Соя болашағы зор дақыл. Сол себепті біз оның егіс көлемін алдағы уақытта тек ұлғайтатын боламыз»,-деді Құмар Ақсақалов.

Аймақта егіс науқаны 15 мамырда басталды.      

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=995521
Пікірлер

Көрші сілтемелер