Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-1614853935 %65 %

Есқайрат Хайдаров: Президенттік сайлау - ел мүддесіне сай келетін маңызды саяси шешім



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:18 - 2019/04/15


Есқайрат Хайдаров: Президенттік сайлау - ел мүддесіне сай келетін маңызды саяси шешім

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Кезектен тыс президенттік сайлау - ел мүддесіне сай келетін маңызды саяси шешім. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Рухани жаңғыру орталығының» аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау комиссияларының мүшелерін дайындауға әкімдіктер қатыспақ Президенттікке кандидатты қолдап қол жинау парағының үлгісі бекітілді

Оның айтуынша, Қазақстан маңызды әрі жауапты саяси кезеңге өтіп отыр. Кез келген мемлекеттің саяси жүйесінің эволюциясы - заңды құбылыс.

«Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау үшін билік ауысымы үдерісін барынша тезірек аяқтау қажет. Сол кезде ғана ұзақ мерзімді міндеттер мен күн тәртібіндегі әлеуметтік маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру жоспарында айқындылық орын алады. Түрлі болжамдар сейіледі. Билік ауысуының транзиттік кезеңі тұрақтылық пен қоғамдық келісім кезеңіне жалғасады деп үміттенеміз», - деді Есқайрат Хайдаров.

Есқайрат Хайдаровтың пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы  шешімі - бүгінгі таңда маңызды әрі қажетті шара.  Президенттің бұл саяси бастамасы еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және мемлекетіміздің таңдап алған бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі қарай жалғастыру үшін жасалған нақты қадам.

Тәуелсіздіктің арқасында  30 жылға таяу уақыт ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыған, әлеуметтік әлеуеті артқан, демократиялық құндылықтарды қадірлейтін мемлекет ретінде өзін бүкіл әлемге әйгілі етті. Бұл жетістіктерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясаты мен қазақ халқының даналығы, қазақстандықтардың төзімділігінің арқасында қол жеткіздік. Қазақ елінің болашақта да халықтар арасындағы ынтымақтастықты ту етіп, алға қойған стратегиялық бағыт-бағдарларды басшылыққа ала отырып,  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани жағынан дами берері ақиқат.

Еліміздегі биліктің ауысуына байланысты болған саяси өзгерістер кездейсоқ немесе мәжбүрлі түрдегі  жағдай емес. Бұл ел басшылығының ауызбірлігінің және осы уақытқа дейінгі мемлекетті басқару дәстүріндегі мол тәжірибесінің арқасында болып отырған оң өзгерістер деп бағалаймыз. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырып, саяси қалыптасқан мемлекетке айналды.

«Кезектен тыс сайлау өткізу Қазақстанның дамуына, өсуіне және қазіргі уақыттағы республикамыздың жаңа саяси жағдайға бейімделуіне арналған.

Біз халықаралық қоғам­дастықтың, шетелдегі әріп­тес­теріміздің, оның ішінде шетелдік инвесторлардың Қазақстанда жүріп жатқан билік транзитін мұқият қадағалайтынын ұмыт­пауымыз керек. Олар үшін айқындық, ішкі тұрақтылық, саяси және экономикалық бағыттың сабақтастығы маңызды болып табылады. Халық сайлаған Президент ел дамуының бағытын анықтап қана қоймай, елімізді халықаралық аренада таныстырады», - дейді ол.

Тарихшының пайымдауынша, сайлау биліктің заңды­лы­ғын нығайтуға, елдегі тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге ық­пал етеді. Оның қолданыстағы заң­нама нормаларына қатаң сәйкес­тікте өткізілуі аса маңызды. Мұның барлығы Елба­сы ұсынған стратегиялық бағдар­ламаларды тиімді іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.

«Сайланған Президент мем­лекет басшысының функция­ларын жүзеге асыруға, азамат­тардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болуға халықтың сенім мандатын алады. Сайлау еліміздің алдында тұрған барлық міндеттерді табысты шешу үшін халықты шоғырландыру процесіне серпін береді. Сайлау - үлкен жауапкершілікті талап ететін саяси науқан. Президент өзінің сөзінде: «Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым!», - деп қадап айтты. Бұл ел тағдыры үшін алдағы уақытта өтетін сайлаудың рөлінің зор екендігін білдіреді. Ал үміткерлер бізде барлық тіркелген саяси партиялардан және республикалық қоғамдық бірлестіктерден ұсынылатыны белгілі. Сондықтан халқымыз сайлауға белсене қатысып, өздерінің қалаған адамына дауыс береді деп есептейміз. Әрбір азамат еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасауы тиіс», - деп түйіндеді ойын Есқайрат Хайдаров.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық тарихшы-ғалымның ұлы даланың тарихы - ұлы халықтың тарихы туралы ой-толғамын жариялаған болатынбыз.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=981901
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


16 шілде. Туған күн иел 6 min
Ақтөбеде еуропалық сапа 18 min
Кубә жаңа сайлау заңын 18 min
Мұнайдың әлемдік бағасы 27 min
Қарағандылық полицейлер 1 sagt
Халықаралық қатаң шолу: 1 sagt
Сейсенбіде еліміздің ба 1 sagt
16 шілде. ҚазАқпарат кү 1 sagt
Еврөпә одағы квеитте уә 1 sagt
Ресеи армясының көп тас 2 sagt
Қазақстанның 3 қаласынд 2 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 2 sagt
Бас мүфти: Татулық пен 3 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 3 sagt
Павлодар облысында суға 3 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 3 sagt
Жүңгө гөминдәң партясы 4 sagt
Жалғас Жұмағұловтың жек 4 sagt
Кеңейтілген отырыстағы 4 sagt
Кубаның темір жолы жаңғ 4 sagt
Орта, шағын финанс құры 4 sagt
Әуе тасымалы арта беред 5 sagt
«Elorda Aqparat» ұжымы 5 sagt
Жүңгө халық азаттық арм 5 sagt
Францияда орман өртеніп 5 sagt
Қытайдың Хоргосы таныст 5 sagt
Қазақстанда 52,9 млрд к 5 sagt
Елорданың ең үздік тау 5 sagt
Азар «Реалда» Бекхэмнің 5 sagt
Базарға кіруге рұқсат е 5 sagt