Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2617055141 %59 %

Қазақстанда 16 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:24 - 2019/04/15


Қазақстанда 16 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары, шикізаттық емес экспортты дамыту және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды.

Сағат 10.00-де «3.2.1. Старт!» экологиялық жобалардың республикалық жастар байқауының финалы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін «3.2.1. Старт!» экофестивалі басталады.

Сағат 10.00-де Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесінің отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Дала данышпаны» еске алу кеші өтеді.

Сағат 15.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партия төрағасының бірінші орынбасары М.С. Әшімбаевтың басшылығымен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау және бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп, оның ішінде мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаевтың қатысуымен «PRодвигай себя» өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетинг және пиар жасау стратегиялары бойынша тренинг өтеді.

Сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің  кеңейтілген отырысы (Этномәдени қауымдастық алдағы президенттік сайлау контексінде) өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. 

Сағат 19.30-да «Астана» концерттік залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының актрисасы, халықаралық конкурстардың лауреаты, академик, пианист және композитор Саида Қалықова «Ырыс күнім» концертімен шығармашылықтың 20 жылдығын атап өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.30-да Достық үйінде «Zamannyn' ziatker jastary - vision of the future» әлеуметтік идеялары мен жобаларының XV жәрмеңкесі ашылады. Әдеттегідей жәрмеңке шеңберінде әлеуметтік идеялар байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының гранттарына ие болады.

Сағат 11.00-де Madeleine кофейнясында «Алматы жолдарының сыртқы баспасөз кеңсесімен танысу» тақырыбында кездесу өтеді.

Сағат 12.30-да Байсерке ипподромында ұлттық ат спорты бойынша жастар арасындағы бірінші Азия чемпионатының жарысы басталады. Қазақстан, Мажарстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан командалары көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы ату түрлері бойынша сайысады.

Сағат 14.00-де «Атакент» қонақ үйінде «Чехия өңірлері және олардың дәстүрлі өнімдері» семинары өтеді. Іс-шара туризм саласында Чехиямен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл 2019 жылдың маусымында Астана-Прага тікелей рейстерінің ашылуына ықпал етеді.

Сағат 20.00-де Чаплин Мегапарк кинотеатрында «БАЛУАН ШОЛАҚ» фильмінің премьерасы өтеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы қызметінің 2018 жылғы қорытындысы, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15.00-де Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «WorldSkills Kazakhstan» аймақтық чемпионатының жабылуы салтанаты өтеді.

ӨСКЕМЕН

Сағат 11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ШҚО Статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажанов пен Еңбек статистикасы басқармасының басшысы Салтанат Буткенованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Жиында 2019 жылғы ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және негізгі көрсеткіштер туралы сөз қозғалады.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=981880
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 7 min
Жел, жауын, бұршақ - жұ 8 min
Мұнайдың әлемдік бағасы 14 min
Азия чемпионаты: Қазақс 16 min
ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫ 22 min
Сайлау-2019: Қазақстан 1 sagt
26 сәуір: ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстан — Белорусь 4: 1 sagt
Польшада Қазақ күресіне 1 sagt
Шымкенттік оқушы қыз әл 2 sagt
Жан Кособуцкий кәсіпқой 2 sagt
Қазақстан құрамасы Бела 2 sagt
Маунтинбайктан ұлттық қ 2 sagt
Төрттік финал. «Қайратт 3 sagt
Ләззат Күнгейбаева бокс 3 sagt
Маңғыстауда заңсыз бері 3 sagt
Бас мүфти Франция елшіс 4 sagt
Азия чемпионаты: 4 бокс 4 sagt
Павлодар қаласында 56 с 4 sagt
Бұрымды балуандарымыз А 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
«Astana Musical» мемлек 5 sagt
Даниил Фоминых — велосп 5 sagt
Балуан қыздарымыз екі қ 5 sagt
Алматы облысында балық 5 sagt
Boeing 1 млрд доллар шы 5 sagt
Солтүстікқазақстандық к 6 sagt
И.Нәсимидің еңбектері қ 6 sagt
«Астана» велокомандасын 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt