Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2619560241 %59 %

Әкім нан бағасын бақылай алмағандарға сөгіс жариялады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:36 - 2019/04/15


Әкім нан бағасын бақылай алмағандарға сөгіс жариялады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар орынбасары мен бөлім басшыларына сөгіс жариялады. Сөгіске себеп болған нан бағасының қымбаттауы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда ұн бағасы өсті Таразда нан бағасы қымбаттауы мүмкін

Нан бағасының күрт өсуіне әкелген жағдайға уақытында шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары және осы бөлімдерге жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары сөгіс алды. Сәуір айының басынан бастап қалада бірінші сұрыпты нанның бағасы өскен болатын.

«Бағаның өсуі - әкімдіктің жауапты қызметкерлерінің сапасыз жұмыстарының салдары. Мұндай өсімді алдын ала болжап, кәсіпкерлермен өзара әрекет жасауға болатын еді» - деді Жақсылық Омар аппараттық мәжілісте.

Бағаның өсу себептерін анықтап, реттеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Топ мүшелері үш наубайханамен әлеуметтік сауда нүктелерінде нанды 65 теңгеден сату  туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлім етті.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=981818
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар