Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-03-23379108151 %49 %
2019-03-24485176350 %50 %
2019-03-2515734558 %42 %

Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізілмек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/03/15


Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізілмек. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының атап өтуінше, жер және салық қатынастарын реттеудің қалыптасқан экономикалық тетіктері фермерлерді маңызды салалық ресурсты - жерді тиімді пайдалануға ынталандырмай отыр. Бұған қоса, іргелес елдердің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі осындай өндірушілерімен бәсекелестік бірдей емес. Сондай-ақ тиімді өндірушілер айналымынан қаражат пен кірістің айтарлықтай бөлігін алып, ұдайы өндірісті кеңейтуді және саланы дамытуды шектейді.

«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруді жеңілдету және конкурс өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актіні қабылдады. Сонымен қатар бекітілген тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығы ставкасын көтеру және бірыңғай аграрлық салық енгізу арқылы ауыл шаруашылығындағы салық саясатын жетілдіру мәселесін қарастырып жатыр», - деді Асқар Мамин.

Премьер-министр депутаттарға берген жауабында биыл Жер ресурстарының бірыңғай веб-порталы іске қосылып, барлық жайылым цифрландырылатындығын атап өткен.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=966659
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар