Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-05-24776250239 %61 %
2019-05-25540199331 %69 %
2019-05-2610629126 %74 %

Асқар Мамин легионер футболшылар алдындағы берешектің пайда болу себебін айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:39 - 2019/03/15


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин легионер футболшылар алдындағы берешектің пайда болу себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол командалары шығындарының бірыңғай нормативін белгілеу орынсыз - Асқар Мамин Нөсербаев «Оқжетпес»​ клубына ауысты

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 211-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өз борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен өздері жүзеге асырады. Борыштар футбол клубтарын бюджеттеу кезінде жылдың басында, сондай-ақ демеушілер тарапынан аз қаржыландыруға байланысты пайда болады. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша футболшылар мен мамандар алдындағы берешек өтелген», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы футбол командаларының бюджеттерін жоспарлау мен жұмсау жергілікті атқарушы органдардың құзырында болғандықтан, футбол клубтары қаражатты пайдалану бойынша есепті жергілікті органдарға ұсынады.

«Баяндалғанның негізінде отандық футболды дамыту тәсілдерін одан әрі әзірлеу, шетелдік мамандар мен легионерлерді тарту, футбол саласын қаржыландыруды жетілдіру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандық футбол федерациясымен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізетін болады және өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі депутаттық корпусты қосымша хабардар етеді», - деді Премьер-Министр жауабында.

Айта кетейік, осы жылдың 23 қаңтарында Мәжілістің бір топ депутаты сол кездегі Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына ресми сауал жолдап, футбол командаларының бюджеттерін жоспарлау мен жұмсаудың негізділігін тексеруді, сондай-ақ шетелдіктер алдында пайда болған берешектің себептерін анықтауды ұсынған болатын.

Депутаттардың дерегіне сәйкес, футбол клубтарының ойыншылар алдындағы жалпы қарызы 9,9 млрд теңгеге жеткен. Мәселен, Ақмола облысының клубы ойыншыларға 2,9 млрд теңге, Ақтөбе облысы клубы 1,08 млрд теңге, Шымкент қаласының клубы 4,5 млрд теңге болған.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=966620
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


«Барсы Атырау» өз алаңы 6 min
Қазақстанда жаңа мереке 27 min
Бэнкс: Головкин агресси 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтауда қала ішінде жай 1 sagt
Жексенбі елімізде ауа р 1 sagt
Путинцева: Өз жеңісіме 1 sagt
Қарағандыда батут аудар 1 sagt
Ақтөбеде Сағадат Нұрмағ 1 sagt
Қарағандыдағы қайғылы о 1 sagt
Алматыда 285 сарбаз әск 2 sagt
Әл-Фараби атындағы Қаза 2 sagt
"Аспан пойызы". Starli 2 sagt
Қарағандыдағы қайғылы о 2 sagt
Юлия Путинцева Нюрнберг 2 sagt
Юлия Путинцева Нюрнберг 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Ресейліктер хоккейден ә 2 sagt
Қазақстанда 185 мың отб 3 sagt
Александр Сергеевич Пуш 3 sagt
Бірінші лига. «Жетісу Б 3 sagt
Алдағы тәуліктерде ауа 3 sagt
Үлес қосу рухын белсене 3 sagt
Үй жануарларын пойызда 3 sagt
Өтепберген Әлімгереев 3 sagt
Сұлтанғали мен Ділмұхам 3 sagt
Ши жинпиң бразиляның ор 3 sagt
Дональд Туск Қазақстанғ 3 sagt
Құраннан ғибрат: Перішт 4 sagt
Рустам Сахибов төрт жыл 4 sagt