Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-02-15809181145 %55 %
2019-02-16496149845 %55 %
2019-02-1721987625 %75 %

ҚР СІМ отандық костюмдер тігетін кәсіпорындардың тізімін жасауға кірісті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:09 - 2019/02/11


ҚР СІМ отандық костюмдер тігетін кәсіпорындардың тізімін жасауға кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі отандық костюмдерді тігетін кәсіпорындардың тізімін жасауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, аталған тізім бойынша отандық киім-кешекті сатып алуға міндет қойылмайды. Аталған құжаттың ұсынымдық сипаты болады.

«Қазіргі кезде отандық костюмдерді тігетін және сататын кәсіпорындарың тізімін жасап жатырмыз. Соны барлық дипломаттарға таратамыз. Олар өз қалаулары бойынша сол жерге барып, киінетін болады. Негізі, отандық костюмдердің сапасы шетелдік өнімдерден еш кем емес. Мәселен, мен өзіме жақсы бір костюмді таңдап алдым. Әйтпесе, шетелден келетін өнімдедің бағасы тым қымбат. Енді, тасымалдау шығындары бар, салықтар, дүкеннің жалға алып отырған жері және тағысын тағы. Ал өзімізде тігілген костюмдер әлдеқайда арзанға шығады», - деді А.Смадияров журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, отандық костюмдердің бағасы 20-140  мың теңгенің айналасында. «Мысалы, мен өз костюмімді 85 мың теңге сатып алдым. Келесі жолы міндетті түрде киіп келемін. Қазірдің өзінде киіп тұрған галстугым - отандық өнім. Бұдан бөлек, өзімізде жақсы аяқ киімдер де тігіледі. Алматыда, Шымкентте біраз жігіттер осы кәсіппен айналысады екен. Өздері жасайды, өздері сатады», - деп атап көрсетті А.Смадияров.

Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Бұл мәселені 2018 жылдың қазанында кезекті Жолдауын жариялау кезінде де көтерді.

«Мысалы, қазір осы жерде отырғандардың үстіндегі шетелдік киімдердің бәрін алып қойса, тыр жалаңаш қаласыңдар. Бізде көйлекті де, костюмді де шығара алады. Ондай кәсіпорындарға қолдау жасау қажет. Өз тауарымызды қолдау керек. Өзім талай рет көрсеттім ғой. Мен тек отандық костюмдерді киіп жүремін. Сапасы шетелдік өнімнен еш кем емес. Ал бағасы он есеге арзан. Шетелдік тауарларды неғұрлым аз тұтынсақ, соғұрлым тәуелсіздігіміз мықты болады», - деген болатын Мемлекет басшысы.

Президент биыл 30 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында министрлер мен әкімдерді отандық киім киюге тағы шақырды.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=948409
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Болгариядағы «Странджа» 6 min
Өз жүрегіңе үңіле біл 6 min
Қ.Тоқаев Мюнхен конфере 8 min
Сингапурда өткен сән ба 16 min
«Барыс» тарихта екінші 16 min
Көркем гимнастикадан Мә 23 min
Көркем гимнастикадан тө 23 min
Елена Круглыхина могулш 25 min
Компьютерлік ойындар б 1 sagt
Астанада мемлекеттік қы 1 sagt
Ажалы жоқ - Хамза Есенж 1 sagt
Қазақстандық футболшы г 1 sagt
Францияда жеңіл автокөл 1 sagt
Қазақстандағы жаңа кадр 1 sagt
Қарағанды облыстық соты 1 sagt
Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан 1 sagt
Берлин кинофестивалінің 1 sagt
Құрбылар - Қабдеш Жұмад 1 sagt
Қазақстан дзюдошылары Е 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстандық сарбаздар 2 sagt
Барби өндірушілері мүг 2 sagt
Зачем израильтяне уничт 2 sagt
Алматы облысында медици 2 sagt
«Батыс» өңі 2 sagt
Жанбота Алдабергенова М 2 sagt
Батутты гимнастикадан ә 2 sagt
Берни Сандерс АҚШ прези 2 sagt
АҚШ-та тұтқынға алу кез 2 sagt
Ыстық қайшымен шаш қию 2 sagt