Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-02-15809181145 %55 %
2019-02-16496149845 %55 %
2019-02-1721987625 %75 %

Түркістанда кедергілерге тап болған кәсіпкерлер мәселесі оңай шешілмек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:48 - 2019/02/11


Түркістанда  кедергілерге тап болған кәсіпкерлер мәселесі оңай шешілмек

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімдігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментімен бірлесіп «Адал кәсіп - адал нәсіп» атты кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық Департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Еркін Елшібеков, сондай-ақ несиемен қаржыландыру мекемелерінің басшылары қатысты. Онда әкімдік пен салаға жауапты мекеме қызметкерлері көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштері мен шағымдарын тыңдады.


Түркістанда  кедергілерге тап болған кәсіпкерлер мәселесі оңай шешілмек   Кездесуде көтерілген мәселелердің дені агро-өнеркәсіптік саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінетін жер мен қажетті құрылғылар, жаңа кәсіп ашу немесе өндірісті кеңейту мақсатында берілетін несиелердің мөлшеріне, қағазбастылық пен кәсіпкерлерге келтірілетін түрлі кедергілерге байланысты болды. Облыс әкімінің орынбасары бизнес өкілдеріне қатысты барлық мәселелер тіркеуге алынып, оң шешімін табуға барынша ықпал ететінін жеткізді.

«Бүгінгі шараға Түркістан қаласынан бөлек, басқа да аудан, қалалардан арнайы келген жас кәсіпкерлердің көп болуы мені қуантты. Бұдан былай мұндай кездесулер өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларында «Кәсіпкер күні» деген атпен әр айдың 20-шы жұлдызында дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Онда әрбір кәсіпкер осы салаға қатысты мекемелер тарапынан жасалған кез-келген әкімшілік кедергілер мен шектеулер туралы хабарлай алады. Біз бизнестің дамуына қиындық туғызып жатқан барлық фактілерді қарастыратын боламыз», - деді Ербол Тасжүреков.
Түркістанда  кедергілерге тап болған кәсіпкерлер мәселесі оңай шешілмек 

Өз кезегінде, «Оңтүстік» ӨИО, «Ырыс» несиелік мекемелерінің өкілдері кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бағдарламаларды таныстырып, былтыр атқарылған жұмыстарының нәтижелері туралы айтып өтті. 2018 жылы 6 млрд. теңгеге 1292 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 49 жобасы «Оңтүстік» ӨИО-нан көмек алса, 1243-іне «Ырыс» қаржы бөлген. Нәтижесінде 1403 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Одан бөлек, Кәсіпкерлер палатасы да осыған ұқсас халыққа қызмет көрсетіп келеді. Мәселен, өткен жылы 4654 кәсіпкер қаржылай емес көмек алған. 1379 жоба 3,6 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Сондай-ақ, аталмыш мекеме облыстың әр ауданын саралап, жалпы құны 530 млрд. теңгені құрайтын 36 инвестициялық жобаны айқындаған. Алдағы уақытта сол жобаларды іске асырып, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Түркістанда  кедергілерге тап болған кәсіпкерлер мәселесі оңай шешілмек

Айта кетейік, «Адал кәсіп - адал нәсіп» бағдарламасы аясында WhatsApp желісінде онлайн-қызмет енгізілді. Егер де кәсіпкерлік саласына қатысты қандай да бір сауалыңыз болса, +7 778 555 60 30 нөміріне, шағымдар мен ұсыныстарды тез арада жолдай аласыз. Келіп түскен хаттар әкімдік тарапынан бақылауға алынып, кәсіпкерлердің жұмысын жақсарту үшін тиісті шаралар қолданылады.  

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=948393
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Болгариядағы «Странджа» 6 min
Өз жүрегіңе үңіле біл 6 min
Қ.Тоқаев Мюнхен конфере 8 min
Сингапурда өткен сән ба 16 min
«Барыс» тарихта екінші 16 min
Көркем гимнастикадан Мә 23 min
Көркем гимнастикадан тө 23 min
Елена Круглыхина могулш 25 min
Компьютерлік ойындар б 1 sagt
Астанада мемлекеттік қы 1 sagt
Ажалы жоқ - Хамза Есенж 1 sagt
Қазақстандық футболшы г 1 sagt
Францияда жеңіл автокөл 1 sagt
Қазақстандағы жаңа кадр 1 sagt
Қарағанды облыстық соты 1 sagt
Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан 1 sagt
Берлин кинофестивалінің 1 sagt
Құрбылар - Қабдеш Жұмад 1 sagt
Қазақстан дзюдошылары Е 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстандық сарбаздар 2 sagt
Барби өндірушілері мүг 2 sagt
Зачем израильтяне уничт 2 sagt
Алматы облысында медици 2 sagt
«Батыс» өңі 2 sagt
Жанбота Алдабергенова М 2 sagt
Батутты гимнастикадан ә 2 sagt
Берни Сандерс АҚШ прези 2 sagt
АҚШ-та тұтқынға алу кез 2 sagt
Ыстық қайшымен шаш қию 2 sagt