Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-02-15809181145 %55 %
2019-02-16496149845 %55 %
2019-02-1721987625 %75 %

Әлихан Смайылов Елбасы Үкімет отырысында протоколды неліктен бұзғанын түсіндірді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:15 - 2019/02/11


Әлихан Смайылов Елбасы Үкімет отырысында протоколды неліктен бұзғанын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов өткен айдың соңында өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың протоколды бұзуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің жақынырақ отыруым үшін жасалған жоқ. Бұл, Қаржы министрлігінің мәртебесін көтеру үшін арнайы жасалған болатын. Қаржыландыру мәселесіне лайықты назар аудару төңірегінде болды. Сондықтан Мемлекет басшысы протоколды өзгертіп, Қаржы министрін вице-премьерлерге жақын отырғызу туралы шешім қабылдады», - деді Ә.Смайылов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатынан кейін.

Сонымен қатар ол сол жиында Елбасы Қытайдың кедендік статистикасы мен Қазақстан статистикасында айырмашылық үлкен екендігін айтқандығын еске салды.

«Мен мұндай айырмашылықтың себептері неде екендігін және не жасағалы жатқандығымызды баяндадым. Алдымызға қойған міндетті орындай алатын болсақ, онда шамамен 200 млрд теңге қосымша түсімді қамтамасыз етеміз», - деді министр.

Естеріңізге сала кетсек, 30 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев протоколды бұзып, үстелдің төмен жағына жайғасқан Қаржы министрін жоғары отырғызған еді.

«Бақытжан (Үкімет басшысы Сағынтаев), Қаржы министрі үстелдің соңында емес,  вице-премьерлерден кейін отыруы тиіс. Орны сол жерде. Әдетте, Қаржы министрі Премьер-Министрдің  орынбасары болады. Ал, қарашы, сен қайда отырғызғансың? Протоколды кім жасады? Мен қазір протоколды бұзамын», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=948365
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Болгариядағы «Странджа» 6 min
Өз жүрегіңе үңіле біл 6 min
Қ.Тоқаев Мюнхен конфере 8 min
Сингапурда өткен сән ба 16 min
«Барыс» тарихта екінші 16 min
Көркем гимнастикадан Мә 23 min
Көркем гимнастикадан тө 23 min
Елена Круглыхина могулш 25 min
Компьютерлік ойындар б 1 sagt
Астанада мемлекеттік қы 1 sagt
Ажалы жоқ - Хамза Есенж 1 sagt
Қазақстандық футболшы г 1 sagt
Францияда жеңіл автокөл 1 sagt
Қазақстандағы жаңа кадр 1 sagt
Қарағанды облыстық соты 1 sagt
Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан 1 sagt
Берлин кинофестивалінің 1 sagt
Құрбылар - Қабдеш Жұмад 1 sagt
Қазақстан дзюдошылары Е 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстандық сарбаздар 2 sagt
Барби өндірушілері мүг 2 sagt
Зачем израильтяне уничт 2 sagt
Алматы облысында медици 2 sagt
«Батыс» өңі 2 sagt
Жанбота Алдабергенова М 2 sagt
Батутты гимнастикадан ә 2 sagt
Берни Сандерс АҚШ прези 2 sagt
АҚШ-та тұтқынға алу кез 2 sagt
Ыстық қайшымен шаш қию 2 sagt