Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-03-23379108151 %49 %
2019-03-24485176350 %50 %
2019-03-2517637957 %43 %

«Хабар 24» пен «Kazakh TV» телеарналары Ресейде көрсетілетін болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:21 - 2019/01/11


«Хабар 24» пен «Kazakh TV» телеарналары Ресейде көрсетілетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар 24» пен «Kazakh TV» телеарналары Ресейде хабар тарату лицензиясына қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, аталмыш шара ҚР Президенті тапсырмасы аясында жүзеге асырылған.

«Дүниежүзі Қазақтарының V құрылтайы аясында, біздің министрлікке нақты тапсырма берген Елбасы: «Шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесу керек», - деген болатын. Яғни шет елдегі ағайынды отандық ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті алға қойылды», - деп жазады Дәурен Абаев. 

Жақында ғана «Хабар 24» пен «Kazakh TV» арналары Ресейде хабар тарату лицензиясына қол жеткізген.

«Көрші елдің теле нарығына ресми тіркелу үшін қажетті техникалық және құжаттық талаптардың қыруар шаруасы атқарылды. Бірнеше айға созылған, көптеген келіссөздердің нәтижесінде біз Ресей Федерациясының кабельдік операторымен бір мәмілеге келдік. «Хабар» агенттігінің ұжымына, осындай ауқымды істі жүзеге асырғандары үшін алғыс айтқым келеді», - деді министр. 

Министр шекаралас аймақтарды мекендейтін қандастарымыз ел жаңалықтарын көргісі келетінін айтып министрлікке хат жолдағанын, осы арқылы алыстағы ағайынның өтініші орындалғанын атап өткен.

Дәурен Абаев «Хабар» агенттігі түсірген «Ана жүрегі» атты телехикаясы Өзбекстанның белгілі арналарының бірінде көрсетіліп жатқанын айта кетті.

«Өзбек телекомпаниясының өкілдері сериалдың жергілікті көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырғанын айтады. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса береді», - деп жазды министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=930754
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 2 min
Кәрлі Қабарданың «сәле 2 min
Қазақстан - Ресей: Бейс 2 min
Елордада қайырымдылық & 12 min
Футболдан Қазақстан құр 12 min
Елорда атауын өзгертуге 12 min
Осы араны басып көріңіз 22 min
Қазақстанда поштамен сә 24 min
Қазақстан - Ресей: Дзюб 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Іріктеу кезеңін ірі жең 1 sagt
Кремльде қазақ әуені ас 1 sagt
Ел мен елорданың бас сә 1 sagt
Ақмолалық көрермендерге 1 sagt
Нұрлы шаһар мемлекет ме 1 sagt
Нұр-Сұлтан – жаңа 1 sagt
Харсан грузин боксшысын 1 sagt
Почему говорят: "б 1 sagt
Қажыр-қайратқа халықтың 1 sagt
Гүлмараш Орынбасарқызы: 1 sagt
Әділетті әрі дер кезінд 1 sagt
Тұңғыш сапар Түркістанн 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Елдік пен мемлекеттілік 1 sagt
Әз-Наурыз мерекесі тойл 1 sagt
СҚО-да 500 адам кәсіпке 2 sagt
Жантұрсынов төрешілерді 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
25 наурыз. Туған күн ие 2 sagt
25 наурыз. ҚазАқпарат к 2 sagt