Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-03-23379108151 %49 %
2019-03-24485176350 %50 %
2019-03-2515734558 %42 %

Балқашта жас дәрігерлер жатақханаға орналасты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:12 - 2019/01/11


Балқашта жас дәрігерлер жатақханаға орналасты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқашта Президенттің бес әлеуметтік бастамасын орындау шеңберінде Балқашта медициналық колледждің жатақханасы күрделі жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда бос тұрған 47 көпқабатты үй қайта жаңғыртылуда 2018 жылы Қазақстанда баспананы сату-сатып алу мәмілелері 10,4 пайызға артты

Жаңартылған ғимаратта студенттер үшін жайлы жағдай жасалған. Барлық ниет білдірушілердің барлығы жатын орындарымен қамтамасыз етілген, тағы да студенттерді қабылдау мүмкіндігі бар.
Балқашта жас дәрігерлер жатақханаға орналасты

300 орынға шақталған бес қабатты жатақхана 1982-ші жылы салынған. 90-шы жылдары қиын жағдайға байланысты оны уақытша жабуға тура келді, соның салдарынан барлық коммуникациялар тозып қалған. 2018-ші жылы күрделі жөндеу жасау туралы шешім қабылданды. Жатақхананы жөндеу туралы жаңалық колледж басшылығын да, студенттерді де қатты қуантқан.

- Біздің колледжде 500-ден астам студент оқиды, оның жартысынан көбісі - басқа қаладан келгендер. Қарағанды облысының ауылдық жерлерінен, Оңтүстік Қазақстаннан келеді. Сондықтан жатақхана мәселесі өте өзекті, - деп атап өтті Балқаш медициналық колледжінің директоры Серік Пшенбаев. - Бүгінгі таңда 220 адам жатақханаға зәру, ал оның сыйымдылығы - 300 орын. Яғни бізде қазір орын жеткілікті. Студенттерді қабылдауды ұлғайтып, акушерлерді даярлау мүмкіндігі бар. Бұл мамандық қазір сұранысқа ие.
Балқашта жас дәрігерлер жатақханаға орналасты

Ғимараттың қасбеті, шатыры жөнделіп, ішкі әрлеу жұмыстары жасалған. Жаңа терезелер, сантехника мен инженерлік коммуникациялар орнатылған. Қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника сатып алынды. Енді әрбір қабатта шомылатын жерлер, ас үйлері, демалатын бөлмелер бар. Студенттер де әсерлерімен бөлісті:

- Барлығы ұнайды. Мұнда бөлмелеріміз жайлы және жылы. Барлық жағдай жасалған. Секцияларда кір жуғыш машиналар бар, әр бөлмеде тоңызытқыштар орнатылған. Мен Приозёрскіден келдім, үшінші курста оқимын, медбике боламын. Осыған дейін пәтер жалдап, айына 40 мың теңге жуық ақша төлеп отыруға мәжбүр болдым, -дейді студент Әйгерім Жансейітқызы.
Балқашта жас дәрігерлер жатақханаға орналасты
Балқашта жас дәрігерлер жатақханаға орналасты

Жатақхананың бір қабатын жас дәрігерлерге берген. Мұнда толықтай жиһазы мен тұрмыстық техникасы бар 16 қызметтік пәтерлер жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2018-ші жылдың наурызында Елбасы қазақстандықтар алдында Бес әлеуметтік бастаманы жариялаған болатын. Оның үшінші бағыты жоғарғы білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру және студенттік жастардың жатақханаларда орналасуын қамтамасыз ету туралы айтылған.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=930748
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 2 min
Қазақстанда поштамен сә 3 min
Қазақстан - Ресей: Дзюб 12 min
Осы араны басып көріңіз 12 min
Іріктеу кезеңін ірі жең 27 min
Кремльде қазақ әуені ас 1 sagt
Ел мен елорданың бас сә 1 sagt
Ақмолалық көрермендерге 1 sagt
Нұрлы шаһар мемлекет ме 1 sagt
Нұр-Сұлтан – жаңа 1 sagt
Харсан грузин боксшысын 1 sagt
Почему говорят: "б 1 sagt
Қажыр-қайратқа халықтың 1 sagt
Гүлмараш Орынбасарқызы: 1 sagt
Әділетті әрі дер кезінд 1 sagt
Тұңғыш сапар Түркістанн 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Елдік пен мемлекеттілік 1 sagt
Әз-Наурыз мерекесі тойл 1 sagt
СҚО-да 500 адам кәсіпке 1 sagt
Жантұрсынов төрешілерді 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
25 наурыз. Туған күн ие 1 sagt
25 наурыз. ҚазАқпарат к 2 sagt
ШҚО-да «Ұлы бабалар ізі 2 sagt
Эрдоган поддержал кампа 2 sagt
Қазақстандық боксшы Алм 2 sagt
25 наурыз күні найзағай 2 sagt
Садриддин Ахмедов пен А 2 sagt
Нұр-Сұлтан атауы астана 2 sagt