Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-12-10879320861 %39 %
2018-12-11926339365 %35 %
2018-12-12544237482 %18 %

Қазақстанда 7 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:33 - 2018/12/06


АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 7 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысындағы жаңа қаланың атауы қандай болады Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз: видео америкалық шоуда көрсетілуі мүмкін

АСТАНА

Сағат 09.00-де HITON GARDEN INN қонақ үйінің «Garden» залында «Адам құқығы және әділетті әділ сот» тақырыбында халықаралық ғылыми-құқықтық конференция басталады.

Сағат 09.00-де «Alanda Hotel» ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингін өткізеді.

Сағат 09.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай «Жаһандану заманындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Сағат 09.30-да Marriott Hotel қонақүйінде TravelMediaTalks форумы өтеді.

Сағат 10.00-де «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін одан әрі жаңғырту» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдаулары өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Қорында «Рухани жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Сағат 10.00-де Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстанның қазіргі суретшілерінің антологиясы» каталогының таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.00-де Назарбаев Университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингінің» ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ресми жабылу салтанаты өткізіледі.

Сағат 11.30-да Radisson Hotel Astana қонақүйінде Халықаралық ғарыш станциясының 20 жылдығы аталып өтеді.

Сағат 11.30-да «Rixos President» қонақүйінде «Қазақстан қор биржасы» БАҚ үшін медиа-брифинг өтеді.

Сағат 12.00-де Астана қаласы Оқушылар сарайында «Open Esports Cup» ашық кубогы Киберспорт турнирінің финалы болады.

Сағат 14.15-те «Ритц Карлтон» қонақүйінің 2-ші қабатындағы мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 20 жылдығына арналған «Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясаты: жетістіктері мен перспективалары» атты халықаралық конференция басталады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қазына» сериялық басылымы аясында жарық көрген М. Хұсайынұлы, Қ. Ахмерұлының «Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де «Хан Шатыр» ОСО-да ЖИТС-пен қарсы бүкіләлемдік күрес күніне арналған кең ауқымды акция өткізіледі.

Сағат 19.00-де «Астана Опера» камералық залында «Қос Forte & Piano» фортепианолық дуэттер кеші өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Алтын арт» Қазақстан композиторларының байқауының нәтижесі жарияланады.

Сағат 11.00-де қалалық балалар оңалту орталығында ДЦП ауруымен ауыратын төрт жасар Әмірдің тұсаукесері өтеді. Ол ата-анасы мен дәрігерлердің арқасында алғашқы қадамын жасайды.

Сағат 14:30-да Қонаев атындағы Еуразия заңгерлік академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-практикалық конференция басталады.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның суретшісі Алексей Уткиннің көрмесі ашылады.

АҚТӨБЕ

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру және талқылау мақсатында 6-8 желтоқсанда Ақтөбе облысына саясаттанушылар мен республикалық БАҚ басшылары келеді. Олардың арасында «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат порталының бас директоры Асқар Омаров, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали, қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым, сондай-ақ қоғам қайраткері «Қазақстан блогерлері Альянсы» ҚБ төрағасы Ғалым Байтук бар.

Сапар барысында қонақтар Ақтөбе қаласының әлеуметтік нысандары облыстық тарихи-өлкетану музейінің, «Анаға тағзым» рухани-мәдени тәрбие беру орталығының, Мұз сарайының және Теннис орталығының жұмысымен танысады.

7 желтоқсанда сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында саясаттанушылар «Ұлы даланың рухани мұрасы» («Духовное наследие Великой степи») атты тақырыпта облыс жұртшылығымен кездеседі. Бұл күні қонақтар түрлі аудиторияда кездесулер өткізеді, сондай-ақ «Ақтөбе Инвест - 2018» халықаралық форумына қатысады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 15.00-де «Шымкент Плаза» сауда орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізбек. Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіледі. Аталған іс-шараға қала әкімдігінің басқармалары, көші-қон саласының уәкілетті өкілдерімен қатар, ХҚКО мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері қатысады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 18.00-де Қызылорда облыстық филармония залында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=912755
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар