Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-02-15809181145 %55 %
2019-02-16496149845 %55 %
2019-02-1721987625 %75 %

Әуе тасымалын субсидиялау ішкі туризмді дамытуға септігін тигізеді - Дәурен Абаев



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:51 - 2018/12/06


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 16 бағыт бойынша әуе тасымалын субсидиялауға 3 млрд теңге жұмсау қаншалықты пайдалы? Бұл сауалға Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда халықаралық туристік форум өтеді Түлкібасқа жыл басынан бері 13 мыңнан астам турист келген

«Жақында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе сапарларын 16 бағыт бойынша субсидиялау туралы хабар таратқан болатын. Жаңалыққа көп адамдар мән бермей қалған сыңайлы. 10 мың теңгеге Алакөлге ұшып жету, әлбетте, көпке ыңғайлы болар еді. Алайда мемлекет тарапынан бюджеттің 3 млрд теңгесін бұл мақсатқа жұмсау қаншалықты пайдалы?», - деп сұрақ қойды бағдарлама жүргізушісі.

Дәурен Абаевтың бұл сауалға берген жауабына сүйенсек, мұндай шешім ең алдымен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қабылданады.

«Көптеген елдерде туризм мен аймақтарды дамыту үшін жолаушылардың әуе тасымалы субсидияланады. Бізге Мемлекет басшысы туристік саланы дамыту туралы тапсырма берген болатын. Әуе бағдарларын дамыту да өз кезегінде Қазақстандағы туристік салаға өзіндік пайдасын тигізері анық», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, екіншіден мұндай шешім аймақтардағы авиатасымалдарды дамытуға серпін береді.

«Мәселен, Қарағанды-Қызылорда немесе Петропавл-Шымкент арасында ұшып баратындар Астана мен Алматы арасындағы жолаушылардан аз болса да, қалалар арасындағы қашықтықты ескерсек, маңызды. Бұл ретте жалпы Үкімет мен Инвестициялар және даму министрі үлкен жұмыс атқарғанын ерекше атап өту керек», - деді ол.

Министр сонымен бірге, ішкі туризмді дамыту бағытындағы жұмыстар қазірдің өзінде басталып кеткенін айтты.

«Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 20 пайызға артқан еді. Отанында демалуды 5,5 миллионға тарта қазақстандық қолай көрді. Алакөлдің өзінде биыл 1 миллионға тарта турист демалған. Бұл көрсеткішке жаңа әуежайдың да арқасында қол жеткізілгенін айта кету керек. Білесіз бе, өз жеріміздің табиғаты қаншалықты бай екенін байқай бермейміз. Жаңа әуе тасымалы осынау бос орынды толтырар деп сенеміз», - деді Дәурен Абаев.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=912740
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Берлин кинофестивалінің 7 min
Ресейлік спортшы Гран-п 7 min
Берлин кинофестивалінің 7 min
Қазақстандық футболшы г 8 min
Қазақстанның көрікті же 11 min
Тіс пастасының күтпеге 12 min
Болгариядағы "Стра 14 min
Көркем гимнастикадан Мә 17 min
Қос Корея Токиода өтеті 17 min
Алматыда ММА спортынан 17 min
Ақмола облысында бюджет 20 min
Болгариядағы «Странджа» 27 min
Өз жүрегіңе үңіле біл 27 min
Қ.Тоқаев Мюнхен конфере 29 min
Сингапурда өткен сән ба 1 sagt
«Барыс» тарихта екінші 1 sagt
Көркем гимнастикадан Мә 1 sagt
Көркем гимнастикадан тө 1 sagt
Елена Круглыхина могулш 1 sagt
Компьютерлік ойындар б 1 sagt
Астанада мемлекеттік қы 1 sagt
Ажалы жоқ - Хамза Есенж 1 sagt
Қазақстандық футболшы г 1 sagt
Францияда жеңіл автокөл 1 sagt
Қазақстандағы жаңа кадр 1 sagt
Қарағанды облыстық соты 1 sagt
Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан 2 sagt
Берлин кинофестивалінің 2 sagt
Құрбылар - Қабдеш Жұмад 2 sagt
Қазақстан дзюдошылары Е 2 sagt