Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-02-15809181145 %55 %
2019-02-16496149845 %55 %
2019-02-1721987625 %75 %

Дәурен Абаев: Астана процесінің артында мыңдаған адам өмірі тұр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:39 - 2018/12/06


Дәурен Абаев: Астана процесінің артында мыңдаған адам өмірі тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия қақтығысы бойынша Астана процесінің адамдарды құтқарып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында қонақта болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астана процесі: Сирия мәселесіне қатысты кезекті жиында қандай мәселелер талқыланады Сирия бойынша Астана процесінің келесі кезеңі қашан өтеді

«Осы аптада АҚШ Мемлекеттік департаментінің Сирия бойынша арнайы өкілі Джеймс Джеффри «Сириядағы қақтығыстарды реттеу бойынша Астана процесі тиімсіз. Егер 14 желтоқсанға дейін Сирия конституциялық комитеті құрылмайтын болса, онда Астана процесіне нүкте қою керек» деген мәлімдемесіне қатысты не дер едіңіз?», - деп сұрады бағдарлама жүргізушісі министрден.

Бұл сұраққа жауап берген Дәурен Абаев сырт жағынан Сириядағы қақтығыстарды реттеу келіссөздер процесіне қатаң шеңбер қойылып отырғандай көрінуі мүмкін екенін атап өтті.

«Бірақ, 14 желтоқсанға дейін Сириядағы конституциялық комитетті құру мүмкін болмаған күннің өзінде бұл Астана форматының атқарған жұмысын жоққа шығара алмайды. Күні кеше ғана Ресей мен Түркия елдерінің сыртқы саясатының ведомстволары бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген болатын. Мәселен, Ресей СІМ-і мұндай мәлімдемелер бейбіт процеске қарсы тараптың оң жамбасына келетінін жеткізген еді. Ал Түркия Сыртқы істер министрі өз пікірінде Астана процесінің нақты нәтижелері барын тілге тиек ете келе, мәселен, Ресей мен Түркия арасындағы Идлиб провинциясы бойынша келісімін ерекше атап өтті», - деді Дәурен Абаев.

Министр ҚР Сыртқы істер министрлігі Астана процесінің қандай пайдасы болғанына қатысты сұраққа кең ауқымда жауап бергенін еске салды.

«Шынымды айтсам, оны қайталаудың мәні жоқ дер едім. Алайда бұл ретте әртүрлі деңгейдегі сарапшылар мен саясаткерлер бір дауыстан Астана процесі деэскалация аумағын құру секілді өлі нүктеде тұрған мәселені шешуге үлес қосқанын айтып жатыр. Сирияның үш ауданы бейбіт өмірге қайтып оралды. Тағы бір ауданда жағдайды оңалту шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар Ислам мемлекетімен және өзге де бандалық құрылымдармен күресті күшейтуге сеп болды. Сонымен қатар, тараптар тұтқындарды өзара алмасуға келісті. Бұның да маңызы өте зор», - деді министр.

Дәурен Абаев өз сөзінде Сириядағы соғыстан жарты миллион адамның құрбан болғанын айтып өтті.

«Өкінішке қарай, әлі күнге дейін адамдар ол жақта өлім құшып жатыр. 5 миллионға тарта босқын ел аумағын тастап кетті. Әскери қақтығыстарға бір немесе екі емес, он жақтың тарапы араласып жатыр. Міне, сондықтан, ең маңызды емес деген сұрақтардың өзіне келісім табудың өзі үлкен жеңіс дегенді білдіреді. Себебі, бұл келіссөздердің артында құтқарылған мыңдаған адамның өмірі тұр. Биік мінберден тұрып, Астана процесіне топырақ шаша беруге болар, бірақ біздің дәл Астанадағы процес адамдардың өмірін құтқарып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды», - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаментінің Астана процесіне қатысты сынына жауап берген болатын.

https://www.inform.kz/kz/kr-sim-aksh-memdepartamentinin-astana-procesine-katysty-synyna-zhauap-berdi_a3473540

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=912733
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Болгариядағы «Странджа» 6 min
Өз жүрегіңе үңіле біл 6 min
Қ.Тоқаев Мюнхен конфере 8 min
Сингапурда өткен сән ба 16 min
«Барыс» тарихта екінші 16 min
Көркем гимнастикадан Мә 23 min
Көркем гимнастикадан тө 23 min
Елена Круглыхина могулш 25 min
Компьютерлік ойындар б 1 sagt
Астанада мемлекеттік қы 1 sagt
Ажалы жоқ - Хамза Есенж 1 sagt
Қазақстандық футболшы г 1 sagt
Францияда жеңіл автокөл 1 sagt
Қазақстандағы жаңа кадр 1 sagt
Қарағанды облыстық соты 1 sagt
Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан 1 sagt
Берлин кинофестивалінің 1 sagt
Құрбылар - Қабдеш Жұмад 1 sagt
Қазақстан дзюдошылары Е 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстандық сарбаздар 2 sagt
Барби өндірушілері мүг 2 sagt
Зачем израильтяне уничт 2 sagt
Алматы облысында медици 2 sagt
«Батыс» өңі 2 sagt
Жанбота Алдабергенова М 2 sagt
Батутты гимнастикадан ә 2 sagt
Берни Сандерс АҚШ прези 2 sagt
АҚШ-та тұтқынға алу кез 2 sagt
Ыстық қайшымен шаш қию 2 sagt