Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-135316177 %23 %

Үшінші тоқсаннан бастап 5, 7 сынып оқушылары жаңа пән оқиды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:54 - 2018/11/09


АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018-2019 оқу жылының 3 тоқсанынан бастап 5 және 7 сынып оқушыларына жаңа курс енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде білім саласының 13 қызметкері жауапкершілікке тартылды Павлодар мектептерінде заңсыз ақша жинаса, «жедел желіге» шағымдануға болады

«Орта білім беруді жаңартылған мазмұнға көшіру жұмыстары бекітілген кесте бойынша жалғасуда. Биылғы оқу жылынан бастап  3, 6, 8 сыныптар осы  бағдарламамен оқи бастады. 4, 9, 10  сыныптарда апробациядан өткізілуде. Оқулықтардың сапасы мен мазмұнын жақсарту үшін біраз жұмыс жасалды. Атап айтсақ, оқулықтардың электронды нұсқалары енгізілді. Пәндік және республикалық комиссиялардың құрамы білікті мұғалімдермен, әдіскерлермен толықты. Оқулықтарды 4 жыл сайын қайта басып шығару нормасын ережеден алып тастау не қалдыру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5, 7 сыныптарға «Өлкетану» курсы биылғы оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап алғаш рет енгізілмек.

«Оқулығы дайын. Жергілікті атқарушы органдар сатып алып жатыр»,- деді Эльмира Суханбердиева. Оның дерегінше, биылдан бастап 1, 11 сыныптарға арналған жаңа типтік оқу жоспары бекітілген.

«Енді тек бір ғана үлгідегі оқу жоспары болмайды. Бірнеше үлгідегі оқу бағдарламасын дайындап бекіттік. Мектептер өздеріне жарамды бағдарлама бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік бердік. Барлық мектептерде осы үлгілік оқу бағдарламасы арқылы академиялық дербестік алады деп есептейміз. Қай бағдарламамен жұмыс істейтінін өздері шешеді», - деді вице-министр.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=894545
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар