Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-135316177 %23 %

D10 WORLD: Елордада Денис Тенге арналған көрме өтеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:45 - 2018/11/09


D10 WORLD: Елордада Денис Тенге арналған көрме өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қараша күні Астана қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған D10 WORLD атты көрме өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Денис Тен өліміне күдіктілерді қамау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды Денис Тен өлімін тергеу аяқталуға жақын - Қалмұханбет Қасымов

MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын аумақта авторлық фотожұмыстар, Денистің музыкасы және Олимпиада чемпионына тиесілі заттар бойынша жасалған мұзды әлем дүниеге келді. Сонымен қатар, көрмеде спортшыны атаулы іс-шараларда түсірген түрлі авторлық суреттер және әріптестері мен достарының бейне жобасы ұсынылған.

Көрме «Денис Тен Қорының» бастамасы бойынша ұйымдастырылып отыр. Қорды спортшының жақындары мен туыстары құрған. Қордың мақсаты - Денис Тен атындағы спорттық-білім беру бағдарламасын ұйымдастыра және дамыта отырып, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау өнерінің, әсіресе балалар мен жастар арасында дамуына сүбелі үлес қосу.

Қор Денистің жеке жобаларын жалғастырып, мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды көздеп отыр. Одан бөлек, Денис жазған сценарий бойынша фильм түсіріп, Денистің әндерімен музыкалық альбом шығармақ. Сондай-ақ қор бастамасымен Денис Теннің әңгімелері мен өлеңдерінің жинағы басылып шығады.

«Жалпы алғанда, аталмыш қор қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының шығармашылығына арналған жобаларды сақтап, дамытуды мақсат етеді. Оның жұмысы дарынды жастарды қолдауға, мәдениет, білім беру, спорт және әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталады» делінген хабарламада.

Көрме 10 қараша күні Қабанбай батыр даңғылында орналасқан MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығында ашылады.

Фото: Маржан Биткенбаева

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=894536
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар