Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстаудан табылған «Алтынқазған» кешені мен Қарақабақ қалашығы өңірге турист тарта алады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:03 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/mangystaudan-tabylgan-altynkazgan-kesheni-men-karakabak-kalashygy-onirge-turist-tarta-alady_a3774120


Маңғыстаудан табылған «Алтынқазған» кешені мен Қарақабақ қалашығы өңірге турист тарта алады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бұл туралы Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Торғайды мекендеген сақтардың тағамы қандай болған – археологпен сұхбат

Жиынға Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сармурзина Пәния Оңалбайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясының археология және этнография институты Сібір бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері Богданов Евгений Сергеевич, археолог Астафьев Андрей Евгеньевич және Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сұлтанбек Жанболатұлы Құдайберген, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Әлемдік деңгейдегі археологиялық жаңалықтың алғашқысы - «Алтынқазған» жерінен табылған біздің дәуірімізге дейінгі I-VI ғғ үлкен діни қабір кешені.

Онда зәрдүш және ежелгі көшпенділер дәстүрінде жерлеу рәсімдері өткізілген. Кешен өткен ғасырларда қатты тоналған.

Соған қарамастан археологтар элиталық құрбандықтар бөлігін тапты. Атап айтқанда, түрлі әшекейлермен әсемделген жүген табылды.

Ежелгі шеберлер оны жасауда батырма тәсілін пайдаланып, алтынмен, қызыл түсті асыл тастармен және кәріптаспен әшекейлеген.

Бұл жәдігерлердің ғұн мәдениетіне жататыны нақты анықталып отыр.

«Маңғыстау сауда байланысын зерттеу барысында осыдан үш жыл бұрын Қарақабақ шатқалында теңіз жағасында орналасқан үлкен бекіністі мекен табылды. Алдын ала зерттеулер оның біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырда хорезмдіктер салған қуатты сауда-қолөнер факториясы екенін көрсетті. Кейін ғұн дәуірінде (IV-V ғғ аяғы) қаланы жартылай отырықшы көшпенділер жайлаған. Қаланың сауда және қолөнер орталығы ретінде дамуы да осы кезең. Көптеп табылған монеталар Қытай, Бұхар Соғдысы, Ежелгі Хорезм, Парфия және Сасандық Иранмен сауда байланысында болғанын көрсетті. Византия монетасының табылуы Каспий мен Қара теңізді Еділ мен Жайық өзендері арқылы жалғаған су жолы болғанының дәлелі. Қарабақ қалашығы Ұлы Жібек жолының Солтүстік құрлықтық-теңіз тармағының болғанын және оның осыдан 2000 жыл бұрын Маңғыстаудың үстімен өткенін дәлелдейтін тарихтағы алғашқы материалдық куә. Бұл – әлемдік деңгейдегі екінші жаңалық»,- деп мәлімдеді археолог Андрей Астафьев.

Оның айтуынша, Қарақабақ қалашығындағы қабірді зерттеу барысында қолдан өзгертілген бірнеше бас сүйек табылды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Маңғыстаудың ежелгі тұрғындарының келбеті көрініс табуы үшін ғұн дәуіріндегі әйелдің бейнесін пластикалық реконструкциялау ұсынылып отыр.

Ресейлік ғалым Е.Богданов:

«Қарақабақ қалашығы I,II-V ғасыр аралығында өмір сүріп, болжалды түрде V ғасырда жер сілкінісінің әсерінен күйреген. Ежелгі қалашықта бір кездері қолөнер мен сауда-саттық өркендеп, 100 мыңға жуық тұрғын өмір сүрген деп болжануда. Ол кезде Каспийдің деңгейі жоғары болғандықтан, бұл жерде тұщы су көздері болып, алуан түрлі фауна болғаны анықталып отыр»,- деп мәлімдеді.

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина:

«Маңғыстау облысының аумағынан Алтынқазған мен Қарақабақ қалашығының ашылуы өңірді таңғажайып сәулет ескерткіштерімен бірге Қазақстандағы тарихи-мәдени маңызы жағынан алдыңғы орынға шығаруға мүмкіндік береді. Бұл нысандар Ұлы Жібек жолымен саяхат маршрутындағы Маңғыстау облысының туристік әлеуетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бұл тарихи нысандарды өз көзімен көрген адам оларды өмірі ұмытпайды»,- деп атап өтті.

Пәния Оңалбайқызы облыстық мұражайда осы археологиялық жаңалықтарға арналып, археология залы жасақталып жатқаны, археологиялық зертхана жұмыс істей бастағаны, алдағы күндері БАҚ өкілдеріне арналып пресс-тур ұйымдастырылатынын айтты.

Басқарма басшысының мәліметінше, әлемдік ғылыми қауымдастық «Алтынқазған» туралы пікір білдіріп үлгерген.

Францияның «Пернель медиа» продюсерлік компаниясы ғұн тарихы жөнінде фильм түсірді.

Ғұндарға қатысты ескерткіштерді далалық зерттеу жөніндегі түсірілімдер Алтынқазғанда жүргізілді.

Фильмнің тұсаукесері француздың «France 5» және америкалық «Discovery Science» арналарында сәтті өтті. «Viasat History» телеарнасында орыс тіліндегі нұсқасы көрсетіліп жатыр.

Таяу уақытта «Алтынқазған» діни-қабір кешеніндегі зерттеу нәтижесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде ғылыми еңбек жазып, шығару жоспарланып отыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1386002
Пікірлер

Көрші сілтемелер