Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыруы алаңдатып отыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:51 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-bir-zhaska-deyingi-sabilerdin-koronavirus-zhuktyruy-alandatyp-otyr_a3774124


Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыруы алаңдатып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыру жағдайы аалңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: ШҚО-да жыл басынан бері 7 мыңға жуық рейд жүргізілді Атырауда модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарға толды Ақтөбеде 460 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр

Қазір облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азаймай отыр. Соның салдарынан «сары» аймаққа енді .

Сәуір айының алғашқы аптасында 201 жағдай тіркелді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтіледі.

«Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл - сақтық шарасына салғырттық танытудың салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінде мониторинг топтары карантин талабының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізіп жатыр.

Аталмыш жұмыс аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385988
Пікірлер

Көрші сілтемелер