Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада жаға көпшілікке арналған орындар пайда болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:42 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elordada-zhaga-kopshilikke-arnalgan-oryndar-payda-bolady_a3774047


Елордада жаға көпшілікке арналған орындар пайда болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Урбанистика орталығы қала тұрғындарымен қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша Бейсекбаев және Сейфуллин көшелеріндегі жаңа алаңдардың эскизі дайындалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Шектеу мен рейд нәтижесіз: Президент сынына елорданың бас санитарлық дәрігері жауап берді Елорда полициясы биік үйдің шатырынан секірмек болған жігітті құтқарып қалды Елордада жыл басынан карантин талаптарын бұзудың 635 фактісі анықталды

Воркаут-аймақ, түрлі жаттығу құрылғылары бар спорт-аймақ, иттерді серуендетуге арналған алаң. Аты аталған орындар Бейсекбаев көшесі 21, 21/1 және Сейфуллин көшесі 69, 69/2 үйлерінің жанындағы аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімінде қарастырылған. Мұндай шешімді қала тұрғындары мен Урбанистика орталығының өкілдері қабылдады.

Жоба аясында бірнеше ойын алаңы, отыратын орындары бар тыныш жер, киім кептіруге арналған орын, көлік тұрағы көзделген. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру да жоспарланып отыр. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. Жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер-жоспары бойынша жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық талқылау – ауланы біріге отырып жобалаудың бір бөлігі.

«Естеріңізге сала кетейік, белсенділердің урбанистермен бірлескен жұмысының мәні – тұрғындар өз ауласында қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Соның негізі бойынша тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады. Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының өтінішін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде, жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныс пайда болады», – деп атап өтті урбанистика орталығыныңөкілдері.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385837
Пікірлер

Көрші сілтемелер