Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанай облысында «Ashyq» жобасының іске қосылуы 200 кәсіпорынның жұмысын жандандырады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:27 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kostanay-oblysynda-ashyq-zhobasynyn-iske-kosyluy-200-kasiporynnyn-zhumysyn-zhandandyrady_a3773762


Қостанай облысында «Ashyq» жобасының іске қосылуы 200 кәсіпорынның жұмысын жандандырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Ashyq» жобасын іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері не жайын талқылады Ұлттық банк жаңа экономикалық зерттеуді жариялады ТЖ кезінде жұмыс істеген қостанайлық дәрігерлерден үстемеақыны қайтаруды талап еткен

Қосымшаның Қостанай облысында іске қосылуы карантиннен кейін жұмысын бастамаған 200-ден астам кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов мәлім етті.

«Ashyq» жобасы кәсіпкерлік нысандары: фитнес-клубтар, спа-орталықтар, хауыз, бассейндер, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, компьютерлік және боулинг-клубтардың жұмысына қойылған шектеулерді толық алып тастау немесе жарым-жартылай жабу баламасы ретінде іске қосылды. Басқа кәсіпорындар да «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істей алады, себебі ол бизнес нысандарына жалпы эпидемиологиялық жағдайға азырақ тәуелді болуға мүмкіндік береді. Мәселен, егер облыс «қызыл» аймақта тұрса, жобаға қатысушы кәсіпорындар «сары» аймақ өлшемдерімен, ал егер «сары» аймақта тұрса – «жасыл» аймақ өлшемдерімен жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу ерікті – бизнес те, азаматтар да ештеңеге мәжбүрленбейді», - деп баяндады М.Әбенов.

Қазақстанның бірнеше аймағында бизнес үшінші ай бойы «Ashyq» жобасы бойынша пилоттық режимде жұмыс істеуде. Бұл аяғына дейін жетпеген техникалық жұмыстарды анықтап, оларды қосымшаның көпшілікке шығуына дейін жоюға мүмкіндік берді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385413
Пікірлер

Көрші сілтемелер