Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Парламент қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжатты қабылдады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:21 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/parlament-kos-azamattykpen-kuresuge-bagyttalgan-kuzhatty-kabyldady_a3773757


Парламент қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжатты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нығматулин: депутаттардың түзетулері технологиялардың заңсыз импортына қарсы күреске бағытталған Мәжіліс ерекше тауарларға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Келісімге 2019 жылы 27 қарашада Бішкек қаласында қол қойылды.

Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді.

«Нақты айтсақ, статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік бар. Азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік бар. Қырғызстан Парламенті келісімді 2021 жылғы 17 ақпанда бекітті», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келді, осы жылы 3 айда 32 мыңнан асты.

«Ал Қазақстаннан былтыр 175 мың азамат Қырғызстанға барған. Осы жылы 3 айда 36 мыңнан асты. Қазақстан осындай келісімді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекетімен жасады. Осы Заң азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ қосымша қаражат талап етпейді», - деді министр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385410
Пікірлер

Көрші сілтемелер