Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мамандықтың жақсы-жаманы жоқ – тракторшы Бибігүл Әбішева



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:06 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/mamandyktyn-zhaksy-zhamany-zhok-traktorshy-bibigul-abisheva_a3761335


Мамандықтың жақсы-жаманы жоқ – тракторшы Бибігүл Әбішева

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық еңбек ардагері Бибігүл Әбішева кезінде техниканы шебер меңгеріп, шаруашылықта трактор тізгіндеген. Бүгінде жетпіс жасқа жақындаған ол әлі де тракторды орнынан қозғап, көкейге түйгенін ізбасарларымен бөлісіп тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да полицей әйелдер ерекше сурет галереясын ұйымдастырды Ақтөбеде полицейлер көше тазалаушыларға гүл сыйлады ШҚО әкімі жемісті еңбек еткен әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Қазір зейнет демалысына шыққан кейуана еңбек жолын Жалағаш ауданындағы Коммунизм (қазіргі Мөрәлі Шәменов ауылы) шаруашылығында бастаған. Аудандағы училищеде тәлім алған оны шаруашылық басшысы М. Шәменов жұмысқа шақырады.

«Біз училищені 1969 жылы жеті қыз бітірген едік. Шаруашылық басшысы Мөрәлі ағамыз бізге еңбек етуге ұсыныс білдірді. Қырман басына келгенде бірнеше трактор тізіліп тұр екен. Менің еншіме түрі жаңалау көрінген трактор тиді. Осылайша еңбек жолым басталып кетті», - дейді еңбек ардагері.

Содан бергі жылдарда ол өзіне міндеттелген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарай білді. Астықты шашпай-төкпей жинап алуға барынша күш салатын. Аға буын өкілдері жас қыздың жанкешті еңбегіне жоғары бағасын беретін еді.

Беріде тұрмыс құрғаннан кейін Қармақшы ауданы Жаңажол ауылына қоныс аударды. Мұнда да еңбек көрігін қыздырып, шаруашылықтың толағай табысқа кенелуіне зор үлесін қосты. 1975 жылы «Шалқар» комсомол жастар бригадасын құрып, мал шаруашылығында еңбек етті. Одан кейін қайтадан өзінің механизаторлық кәсібіне оралып, трактор рулін тізгіндеді.

«Қазір техниканың түрі де көп қой. Шетелден келген көптеген трактормен комбайндарды көруге болады. Біздің кезімізде негізінен ресейлік техникаларды пайдаланып келдік», - дейді еңбек ардагері.

Ауылдастарының айтуынша, тракторшы Бибігүл тәулігіне 80-90 тоннаға дейін астық тасымалдап, ел-жұрттың алдында үлкен абыройға кенелген. Кеңес одағы және Қазақстан жоғары кеңесіне делегат болып сайланды.

«Жалпы, кәсіптің жақсысы-жаманы жоқ. Өз мамандығыңа құрметтеп, қызыға жұмыс істейтін болсаң, одан абыройға кенелуге негіз бар», - дейді ол.

Бибігүл Әбішеваның жолдасы – Кәриман Садықов та кезінде шаруашылықта механизатор болып еңбек еткен. Екеуі ұрпақ өсіріп, оларға саналы тәрбие беребілді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1367049
Пікірлер

Көрші сілтемелер