Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да дүкенге маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:24 - 2021/03/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-dukenge-maska-takpay-kirgen-adamga-ayyppul-salyndy_a3760745


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеулерді бұзғандар тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жолдады «Ashyq» мобильді қосымшасы бар елордада кәсіпкерлік субъектілері жұмысын бастады Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1 фактісін анықтады. «Аракс» дүкеніне маска тақпай кірген адамға айыппұл салынған.

«Өскеменде де күн сайын рейдтер жүргізілуде. Кеше 266 нысан қамтылып, шектеу шараларын бұзудың 10 фактісі тіркелді. Сонымен қатар бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды. Мәселен, дүкендердің біріндегі сатушылар маска тақпаған. Айыппұлдың жалпы мөлшері 218 775 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Глубокое ауданында мониторингілік топтар 135 объектіге 18 рейд жүргізді. Нәтижесінде, ереже бұзудың 4 жағдайы анықталып, жалпы сомасы 175 020 теңге айыппұл салынды.

Курчатов қаласында 26 мекемеге тексеру жүргізіліп, 2 бұзушылық тіркелген. Алтай ауданында тексерілген 139 нысанда талапқа бағынбаған 1 адам болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1366131
Пікірлер

Көрші сілтемелер