Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Футбол: «Ақжайыққа» жаңадан екі украиналық ойыншы қосылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:15 - 2021/03/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/futbol-akzhayykka-zhanadan-eki-ukrainalyk-oyynshy-kosyldy_a3760755


Футбол: «Ақжайыққа» жаңадан екі украиналық ойыншы қосылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайыққа» жаңадан екі украиналық ойыншы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Майки Гарсия атағы жер жарған Мэнни Пакьяомен айқасатын күнді жария етті Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады Теннис: Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, қорғаушы Артем Барановский мен шабуылшы Микола Ковталюкпен келісімшартқа қол қойылды.

Тәжірибелі А.Барановский 30 жаста. Оған Қазақстан премьер-лигасы да таңсық емес, қорғаушы бұған дейін «Шахтер» (Қарағанды), «Қызылжар» (Петропавл) командаларының намысын қорғады.

Ал 25 жастағы М.Ковталюк осы кезге дейін Украина, Грузия клубтарында ойнаған. Соның ішінде «Динамо» (Тбилиси) құрамында Грузияның күміс жүлдегері атанған.

«Команда осымен толық жасақталды. Қазір Оралдамыз. 14 наурыз күні Қостанайдың «Тобылымен» сырт алаңда өтетін алғашқы ойынға дайындалу үстіндеміз», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Шайхы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қайратта» доп тепкен екі ойыншының «Ақжайыққа» алынғанын жазған болатынбыз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1366093
Пікірлер

Көрші сілтемелер