Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында дүкендер демалыс және мереке күндері жұмыс істейді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:24 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-dukender-demalys-zhane-mereke-kunderi-zhumys-isteydi_a3760146


Ақмола облысында дүкендер демалыс және мереке күндері жұмыс істейді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантин шектеу шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 3 ақпандағы №11 қаулысы щықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында екі полиция қызметкерінің өліміне кінәлі адамға сот үкімі шықты Ақмола облысында онлайн музей сабағы өтті Көкшетауда «Жемісті жылдар» альбом-кітабының таныстырылымы өтті

Осы қаулыға сәйкес, мереке және демалыс күндері сауда нысандары, сән салондары, монша жұмыс істейді. Кинотеатрлар мен театрлар көрермендер залында келушілерді отырғызу кезінде екі метр қашықты сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Ашық, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар демалыс және мереке күндері төрт шаршы метрге бір адам келетінде әлеуметтік қашықты сақтай отырып жұмыс істейді», - деп көрсетілген қаулыда.

Сонымен бірге, сауда үйлеріне сондай-ақ демалыс және мереке күндері 30 пайыздан артық толтырылмаған жағдайда жұмыс істеуге етуге рұқсат етіледі. Косметологиялық қызмет көрсететін объектілер үшін осындай ереже қолданылады. Балалар ойын алаңдарына, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қоғамдық моншаларға 50 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сауналардың қызметі әлі де демалыс күндері шектеулі болады. Сондай-ақ қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарына рұқсат етіледі.

«Білім беру нысандарындағы тамақтану қызметі бір мезгілде тамақтану залында отыратын орын санының 50 пайызынан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі. Мектеп асханаларының қызметкерлері ПТР тестілеуден өтеді», - делінген қаулыда.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1365083
Пікірлер

Көрші сілтемелер