Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Дәрігерлердің жалақысы үш жылда қай сомада артады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:48 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/darigerlerdin-zhalakysy-ush-zhylda-kay-somada-artady_a3760129


Дәрігерлердің жалақысы үш жылда қай сомада артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспары жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде денсаулық сақтау саласында екі ұлттық жоба ұсынылады 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді Қаңтардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жарияланды

«Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қадамдарын мемлекет басшылығы ерекше бақылауда ұстап отыр. Мемлекет басшысы кезең-кезеңмен дәрігерлердің жалақысын көтеру міндетін қойды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда», - деп тоқталды бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 247 мың медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Осы орайда жалақыны көтеруді ескере отырып, 2021 жылға 222 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы - 557 млрд теңге бөлінбек.

«2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 560 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңгені құраса, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», - деді Марат Шоранов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1365048
Пікірлер

Көрші сілтемелер