Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы тауларында адасып кеткен 4 турист құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:15 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almaty-taularynda-adasyp-ketken-4-turist-kutkaryldy_a3760111


Алматы тауларында адасып кеткен 4 турист құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында адасып кеткен төрт турист құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды ШҚО-да құр құрсауында қалған 6 адам құтқарылды Қызылордада айдалада көлігі балшыққа батып қалған үш жолаушы құтқарылды

Қалалық құтқару қызметіне 2 наурыз күні сағат 17: 30-да ТЖД жедел кезекшісі, «Көкжайлау» шатқалында 4 адам жоғалып кетті деген ақпарат берді.

Оқиға орнына Алматы қаласы құтқару қызметінен құрамында 8 адам, іздеу итімен бірге 1 кинолог және республикалық жедел құтқару жасағынан 15 құтқарушы, іздестіру итімен бір кинолог жұмылдырылады.

Құтқару жұмысы аясында ұялы байланыс операторларының қол жетімді аймағында болған сәтте туристер байланысқа шығып, бәрі жақсы екенін және көлбеу бағытта жүретін жол тапқанын айтады.

«Алайда тәуліктің қараңғы уақыты мен соқпақ бойымен қиын қар мен мұздың түсуі, туристердің жарақат алуына әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, құтқарушылар 4 адамнан тұратын, 109 қызметінің бір тобын кездесуге жіберіп, оларды қауіпсіз жерге шығарып салуға шешім қабылданады. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте «Просвещенец» шипажайы аймағында адасқандармен кездесіп, барлығының денсаулығын бағалап, оларды бұлақ жанында күтіп тұрған көлікке дейін шығарып салды» делінген Алматы қалалық құтқару қызметі таратқан хабарламада.

Алматы қаласының құтқарушылары қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына тауда қауіпсіздіктің техникасын әрдайым сақтауды ескертіп, тауға көтеріліп, кері түсетін уақытты алдын ала жоспарлауын сұрайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1365013
Пікірлер

Көрші сілтемелер