Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның 4 облысында қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:03 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-4-oblysynda-kandastardy-beyimdeu-ortalyktary-ashylady_a3760098


Қазақстанның 4 облысында қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 4 облысында қандастарды бейімдеу орталықтарын ашу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2025 жылға дейін 80 мың қандастың Қазақстанға оралуына жәрдемдесу жоспарланған Түрікменстаннан 153 қандас тарихи Отанына оралды

«2021 жылы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын құру мәселесі пысықталуда. ХҚКО мен Бейімдеу орталықтарында қандастар мәселелеріне қатысты барлық қызметтер мемлекеттік тілде көрсетілетінін атап өту қажет», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, республикамызға келетін этникалық қазақтар үшін қолайлы жағдай жасауды, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштерін ескере отырып, қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталарын қалыптастыруды көздейтін Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр.

«Елдегі көші-қон және демографиялық процестерін тұрақтандыру, сондайақ қандастар құқықтарын сақтау мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деді Асқар Мамин.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1365005
Пікірлер

Көрші сілтемелер