Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:39 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tennisten-nur-sultan-turniri-aleksandr-nedovesov-zhuptyk-synda-finalga-shykty_a3758282


Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов пен украиналық Денис Молчанов жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин «Канело» үшін екі әлем чемпионымен жекпе-жектен бас тартуға дайын Дзюдошы Елдос Сметов әлемдік рейтингіде ТОП-5-ке енді Ақтөбеде грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда германиялық Юлиан Ленц – эквадорлық Роберто Кироспен күш сынасты.

Бірінші сетте германиялық-эквадорлық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Екіншісінде А.Недовесов пен Д.Молчанов бірден алға кетіп, есе қайырды – 6:3.

Тай-брейкте Недовесов пен Молчанов өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 10:4.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жартылай финалда америкалықтар Натан Паша – Макс Шнурмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық-өзбекстандық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмай, екінші сетте 1:6 есебімен есе жіберді.

Америкалық жұп тартысты тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 11:9.

Осылайша финалда А.Недовесов – Д.Молчанов америкалықтар Н.Паша – М.Шнурмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Сингапур турнирін жеңіспен бастағанын, Денис Евсеевтің елордада жұптық сында жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362220
Пікірлер

Көрші сілтемелер