Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өрт 17 сағаттан кейін сөндірілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:33 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/semeyde-142-zhyl-buryn-salyngan-gimarattagy-ort-17-sagattan-keyin-sondirildi_a3758275


Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өрт 17 сағаттан кейін сөндірілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт сөндірушілер 1879 жылғы ғимаратта шыққан жалынды 17 сағаттан кейін толықтай ауыздықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда коттедж өртеніп кетті ШҚО-да бір күнде 5 өрт оқиғасы болды Ақмола облысында өрттен әкесі мен баласы қайтыс болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-ның екіқабатты ғимаратында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел келіп жетті. Ағаштан салынған 1879 жылғы ғимараттың қабырғаларын, еденін, жиһаздарды және жеке заттарды жалын шарпыған.

«Тілсіз жау сағат 17.19-да толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 55 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Қызыл жалынның жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Cемейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттың түннен бері өртеніп жатқандығын хабарлағанбыз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362218
Пікірлер

Көрші сілтемелер