Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:57 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/temirtaudagy-zhagday-zhenis-kasymbek-amt-ny-katan-synga-aldy_a3758259


Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – «АрселоМиталл Теміртау» ЖЭО-2 жұмысын бірнеше мемлекеттік орган тексереді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдай бойынша өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды Ганада екі автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Белгілі болғандай, қалада үш қазандықта апаттық тоқтау орын алған. Осыған байланысты пәтерлердегі температура нормадан төмендеп кеткен.

«Шынында да, кеше және бүгін Теміртауда жылуға қатысты жағдай қиын болды.

Тұрғындарға шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз. «АМТ« және ЖЭО басшылығы мұндай оқиғаға жол берді. Қалаға облыс прокуратурасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергобақылаудан тексеріс жіберіледі», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, облыс басшысы ЖЭО-да жаңа 7-ші қазандықтың құрылысын аяқтауды жеделдетуді қатаң талап етті.

«Біз 7-ші қазандық жобасының аяқталуын талап етеміз. Жағдай көрсеткендей, мерзімді одан әрі созу мүмкін емес. Жоба басталып кетті. Карантинге байланысты «АМТ« оны жүзеге асыруды кешіктірудің әртүрлі себептерін айтты. Әрі қарай созбақтауға болмайды. Биылғы жылы жобаны аяқтауды барынша жеделдету қажет. Қала жобаның тәмамдалуын үшінші жыл күтуде. Бұл бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселе», - деді Жеңіс Қасымбек.

«Мен барлық тексеруші органдармен ынтымақтасатын боламын. Оқиғаның себептерін анықтау қажет. Біз жауаптымыз және шешім іздейміз. Сіз сондай-ақ ЖЭО-да персоналдың болуы және ұйымдық құрылым туралы айттыңыз. Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта бұл қайталанбауы керек екенін түсінемін. Біз жақсы жұмыс істеуіміз керек екеніне толық келісемін, бізге қала тұрғындары алдында жауапкершілік жүктелген», - деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Биджу Наир.

Осы күннің соңына дейін теміртаулықтардың пәтерлеріндегі температураны қалыпқа келтіруге уәде берілді.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362183
Пікірлер

Көрші сілтемелер