Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:54 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-3-myn-adamga-zhetkilikti-dari-darmek-kory-bar_a3758229


Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы брифингіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады COVID-19: Ақмола облысында 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті Қазақстанның дәрілік препараттары қандай елдерге экспортталады

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыстың медициналық ұйымдарында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрілердің қалдықтары бар. Бұл 55 миллион теңге көлеміндегі ривароксабан, апиксабан, дабигатран, парацетамол және ибупрофен. Бүгінде 681 адам 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген», - деді Нариман Сыздықов.

Осы ретте, өткен жылдың қыркүйек айынан бері 1 800 адам 40 миллион теңгенің жоғарыда аталған препараттарымен қамтамасыз етілді.

«Гуманитарлық көмек аясында медициналық ұйымдарға 6 870 орама пероральді антикоагулянттар – ривароксабан және дабигатран таратылды. Барлық препараттар бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсету ұйымдарына таратылды», - деді Нариман Сыздықов.

Сонымен бірге, ол облыста эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервтік қор бар екенін атап өтті. Бұл - 81 миллион теңгенің 13 түрлі дәрі-дәрмегі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362127
Пікірлер

Көрші сілтемелер