Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына концерт қойылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:45 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elordada-zhambyl-zhabaevtyn-175-zhyldygyna-koncert-koyyldy_a3758227


Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына концерт қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл атаның жүзге жуық ұрпағы бар - Салтанат Жамбылова Нұр-Сұлтанда Жамбыл Жабаев музейінің экспозициясы қойылды Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия оқулары өтті

Салтанатты ашылуға мәдениет және ғылым қайраткерлері, Алматы және Жамбыл облыстарының делегациялары келді. Келушілер жаңа театр фойесінде ұйымдастырылған Жамбыл Жабаев музейінен жеткізілген экспозициямен танысты.

«Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрінің артистері көрермендерге «Жыр алыбы - Жамбыл» атты театрландырылған қойылымын ұсынды. Ұлы ақынның баға жетпес мұрасын, өзіндік ерекшелігі мен дарынын ашып көрсететін әдеби-музыкалық композицияда оның атақты айтыстары мен әйгілі «Кең байтақ Қазақстаным», «Ақындарға арнау», «Күләшқа», «Ленинградтық өренім!» және т.б. шығармалары оқылды», - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Мерекелік бағдарламада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің, «Жастар» театрының, «Астана Балет» театрының артистері, «Қорқыт» этно-ансамблінің, «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының, «Акак» комузшылар ансамблінің (Қырғызстан) жеке орындаушылары өнер көрсетті. Атақты ақынның мерейтойына Қазақстан халықтары Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің артистері, «Nomad» балалар хореографиялық ансамблі, «Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблі және т. б. өз шығармаларын арнады.

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты ашылуда баяндама жасады.

«Қадірлі зиялы қауым! Жамбыл қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орны бар Алатаудай асқақ тұлға. Жыл дүлдүлі, эпик ақын ретінде қазақтың суырып салма импровизаторлық өнерін биік шыңға шығарды. Төл өнеріміз айтыстың ерекшелігі сөз тапқырлық емес, батылдық, өткірлік, шындыққа толы көркем бейнелі сөздер табылып, қалың жұртқа қоғамдық мәселені айқын жеткізе алуымен құнды. Жамбыл айтысы әрдайым тереңдігімен, көркемдігімен, тарихи негіздерімен астарлы мазмұнымен жұртты баурап алған еді», - деді министр өз баяндамасында.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, мерейтойдың мемлекеттік комиссиясының төрағасы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойған еді.

Бүгін еліміздегі және шет елдердегі қалалар мен елдімекендерде Жамбыл Жабаевтың ескерткіштері мен бюсттеріне гүл шоқтары қойылды, әрқилы мәдени шаралар өткізілді.

Салтанатты шараға Алматы облысынан Жамбылдың тікелей ұрпағы, немересі Салтанат Жамбылова келген еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362118
Пікірлер

Көрші сілтемелер