Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сайрам ауданында бөбекжай ұжымы жалақысының кешіктірілгеніне шағымданды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:21 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sayram-audanynda-bobekzhay-uzhymy-zhalakysynyn-keshiktirilgenine-shagymdandy_a3756830


Сайрам ауданында бөбекжай ұжымы жалақысының кешіктірілгеніне шағымданды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Ақсукент ауылындағы «Күншуақ» бөбекжайының ұжымы айлық жалақысының кешіктірілгеніне шағым түсірді. Олар карантинге байланысты қызметкерлердің 70%-ға қысқарғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада 4 балабақшаның салынбауына инвестордың өмірден озуы себеп болуы мүмкін 2020 жылы елордада жоспарланған 6 балабақшаның біреуі ғана салынды

Сайрам ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бөбекжай қызметкерлерімен кездесу барысында бұдан өзге де бірқатар мәселе айтылған. Тәрбиешілер карантин режиміне байланысты балабақша жұмысының тоқтап қалғанын алға тартып, жұмысын қайта бастауға рұқсат беруді талап етті. Аудандық адами әлеуетті даму бөлімінің (білім бөлімі) басшысы Құралай Балтабайқызы «Күншуақ» бөбекжайы» ұжымына қаңтар айына айлық аударылғанын, енді ақпан айының қаржысы алдағы үш күнде берілетінін жеткізді. Ал, жалақының кешігу себебін ағымдағы жылы аудан аумағындағы барлық білім беру мекемесі мен кәсіпорындар, оның ішінде «Күншуақ» бөбекжайы Түркістан облыстық коммуналдық меншігіне өтуіне байланысты құжаттары қайта рәсімделгенімен түсіндірді.

«Балабақша қайта тіркеуден өтіп, облыстық бюджет есебінен қаржыландыру барысында қаңтар айының жалақысы кешіккен. Ал айлық 70%-ға қысқармаған. Сайрам ауданының адами әлеуетті даму бөлімінің «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК-ның 2021 жылдық штат саны – 78,7. Бөбекжайдың бала сыйымдылығы – 280, ал тізім бойынша – 167 балаға жолдама алынған. 78,7 штат санына 280 балаға деп 1 айға қамтылған қаражат соммасы – 9 450 560 теңге болуы керек. Алайда, қаржы 167 баланың жолдамасы бойынша, заң аясында 5 млн 636 мың 584 теңге балабақша есебіне аударылды» делінген хабарламада.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359950
Пікірлер

Көрші сілтемелер